ӘЛЕМ ӘДЕБИЕТІНДЕГІ КИЕЛІ ТАУ МЕН КИЕЛІ АҒАШ ОБРАЗЫ

Автор(лар)

  • Юсуп А.Н. КазНПУ имени Абая
  • Танжарыкова А.В.
  • Юсуп П.К.
  • Куттыбаев Ш.Д.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.026

Кілт сөздер:

мифология, сакралдылық, киелі жер, мифтік сана, архетип, киелі геотопика, символ, таным

Аннотация

Әр кезеңде де адамзат баласына беймәлім, әлемдегі сыр мен құпияға толы мистикалық, сакралдылық мәселелер бүкіл ойшылдар мен ғалымдарды қатты толғандырған. Сол себепті киелі жерлер түрлі ғылым саласының зерттеу нысанына айналып, олардың құпияға толы тылсым күшін танып білудің, зерттеудің өзектілігі артты.  Ұсынылған мақаланың мақсаты – әлем әдебиетіндегі киелі тау мен киелі ағаш образының көркемдік-бейнелі көрінісіне талдау жасау. Соның негізінде киелі жерлерге тән жаратылыс құпиялары мен табиғат тылсымдары туралы көзқарастарға сараптау жүргізу көзделеді.

Зерттеу жұмысын жазу барысында салыстырмалы, құрылымдық, интерпретациялық талдау әдістері пайдаланылған. Негізінен әлем мифологиясында киелі жер образы әрбір халықтың тарихи даму үдерісінен, ұлттық таным-түсінігінен мол хабар беретін архетиптік бейне ретінде маңызды рөл атқарады. Халық жадында әлі күнге дейін қасиетті мекендер мен нысандарға деген қызығушылығы толастаған жоқ. Соған сай бүгінгі күнде де әулиелі жерлерге түнеп, киелі ағаштарға, киелі тауларға, т.б. тәу ету дәстүрі сақталған. Жұмыстың нәтижесі ретінде әлем мифологиясындағы киелі нысандар, атап айтқанда, киелі таулар мен киелі ағаштар туралы мәтіндердегі  адам мен табиғат, адам мен киелі нысан арасындағы байланысты, киелі жерлер бейнесінің адамзат баласына тигізген әсерін жан-жақты талдануын айтуға болады. Соған сай көркем әдебиеттегі бүгінгі қоғамдық ой-пікірлер туғызған авторлық идея мен шығармашылық концептілер айқындалады. Зерттеу жұмысының құндылығы көркем мәтіндегі мифтік сарын, символ-бейнелердің философиялық астары мен халық шешімінің ерекшеліктеріне талдау жасалынуынан көрінеді. Алынған нәтижелерді әдебиет сабақтарында көркем шығармаға образдық талдау және де студенттердің оқырман ретінде интерпретациялық талдау  жасау барысында негізге алуға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи