ПАНДЕМИЯ КЕЗІНДЕГІ МЕДИАДИСКУРС: СӨЗЖАСАМДЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАР

Автор(лар)

  • К.У. Есенова КазНПУ имени Абая
  • К. А. Курманалиев
  • Ж. К. Балтабаева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.41.63.004

Кілт сөздер:

медиамәтін, жаңалық, сөзжұмсам, ауру атаулары, медициналық препарат, ковид, вирус, пандемия, шектеу, прагматика, сендіру категориясы, медиасөйлеу, басылым, БАҚ тілі, медиакеңістік, стильдік өзгеріс, тілдік көрініс, сөзжасамдық құрылымдар, аппарат

Аннотация

Мақала Қазақстанның бұқаралық ақпарат құралдарында жиі ұшырасатын және жалпыхалықтық қолданысқа еніп кеткен пандемияға қатысты жаңа сөздердің жиілігін тексеру арқылы қолданысқа тез енетін сөзжасамдық құрылымдарды анықтауға арналған ИРН АР14870178 (Мемлекеттік тіркелу номері 0122РК00597) «Қазақ қоғамының тілдік контенті: өзгерістер мен жаңарулар (пандемия кезі; 2020-2022 жж.)»  тақырыбындағы ғылыми жоба негізінде жазылды. Электронды БАҚ тілінде ерекшеленген сөзсаптам құрылымдарын және сұхбаттардың, ғаламтордан алынған әртүрлі тақырыптағы бағдарламалардағы қазақ қоғамының психологиялық ахуалын, оның тілдік көрінісін зерттеуге, осы жылдардағы басты тақырыптарды анықтауға және оның себептерін нақтылауға, пандемия кезіндегі медиамәтін ерекшеліктеріне, адресант, адресат факторларына негізделеді.

2019 жылы Қытайда болып, артынша дүниежүзі елдерінде белең алған «Ковид-19» деген атаумен танылған карантиннің пандемияға айналғаны белгілі. Қалай десек те, бүкіл әлем жұртшылығы осы қиын жағдайдан шығатын жолды бірлесіп іздеп, ауызбіршілік танытуға, жаңадан қойылған түрлі талаптарды орындауға, яғни жағдайға қарай бейімделуге мәжбүр болды. Халықтың үйреншікті тұрмыс-тіршілігіне келген осындай өзгеріс оның тілінде ерекше көрініс тапты. Мақалада  «Ковид-19»дың тілімізге, сөзқолданысқа тигізген әсері нақты мысалдар негізінде талданады. Тіл маманы ретінде сол өтпелі кезеңде пайда болған, белсенді қолданылған түрлі тілдік бірліктерді жинастырып, оларды құрамына, айтылу мақсатына, тақырыбына қарай топтастыру және саралауды мақсат еттік. Сондай-ақ, жаңа қолданыстардың қоғамдық санаға тигізген оң немесе теріс әсері, тыңдаушының оларды қабылдауы мен түсінуіндегі кедергілер, сол жаңа сөз қолданыстарды сөздік қорда орнықтырудағы БАҚ-тың рөлі, жеке тұлғалардың сөзсаптау ерекшеліктері, тіл дамуының маңызды бір кезеңі ретінде танылды. Бұл қолданыстар постпандемия кезеңінде белсенді жұмсалмағанымен, халықтың басынан өткен саяси жағдай туралы ақпарат беретін тілдік бірліктер ретінде сөздік қордан орын алатыны даусыз. Қалай десек те, ол ХХІ ғасырдағы тіл қолданысының өзіндік бір ерекшелігін көрсететін тілдік дерек немесе факт ретінде тарихтан орын алады. Демек, сөздік құрамның кірме қабатына елеулі өзгеріс енгізген медициналық терминдер, олардың қазақ тіліндегі баламалары зерттеуімізге  арқау болады. Бұларды тіл қолданысының әлеуметтік, прагматикалық, психологиялық қырынан бағалануы тиіс бір тілдік материалдар деп танимыз.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи