ОНЛАЙН РЕЖИМІНДЕГІ СИНХРОНДЫ АУДАРМА: ЗАМАН ҚИЫНДЫҚТАРЫ МЕН ТАЛАПТАРЫ

Автор(лар)

  • Куркимбаева А.М. КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Елубаева A.A.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.017

Кілт сөздер:

онлайн оқыту, онлайн оқу, қашықтан ауызша аударма, аударма стратегиялары, онлайн режим, релелік аударма, пандемия, когнитивті жүктеме

Аннотация

Бұл мақалада заман талабы мен қиындықтарына сай синхронды аударманың онлайн режимінде қалай жүзеге асырылатындығы қарастырылған. Сондай-ақ, мақалада синхронды аудармашылардың қашықтан синхронды аударма жасаудағы тәжірибелері мен жоғары оқу орындарындағы оқытушылардың онлайн режимде ауызша аударма практикасын оқытуда қаншалықты тәжірибелі екендіктеріне сауалнама нәтижелері берілген. Зерттеу жұмысында қашықтан синхронды аударма жасау мен ауызша аудармаға онлайн режимде оқытудың кейбір артықшылықтары мен кемшіліктері көрсетілген. Мақаланың мақсаты: бірер жыл бұрын болған пандемия кезінде онлайн аударма жасауға және ауызша аударма практикасы пәндерін оқытуға шұғыл түрде көшу қалай жүргізілді, бұл тәжірибе оң болды ма және онлайн аударма барысында тап болған қиындықтарды анықтау. Зерттеу жұмысының ғылыми маңыздылығы: әлеуметтік желі арқылы әлемнің әртүрлі елдерінде жұмыс істейтін аудармашылар арасында сауалнама нәтижелері талданды. Олар өз тәжірибелерімен және пандемия кезінде онлайн режимде синхронды аударма жасаудың қиындықтарымен бөлісті. Сондай-ақ тәжірибелі синхронды аудармашы А.Челпаченко Zoom платформасында релелік ауызша аударма жасау үшін берген нұсқаулықтары мен қадамдарды мақалада талқыланды. Онлайн режимінде аударма тек Zoom платформасында ғана емес, сонымен қатар Kudo, Verspeak, Speakus ақылы платформалары арқылы жүргізілгендігі анықталды. Зерттеу жұмысының нәтижесі: зерттеу нәтижесі бойынша онлайн режимде қашықтан синхронды аударма жасау және ауызша аударма практикасы пәнін онлайн режимде оқыту техникалық және басқарушылық мәселелерге байланысты қиын болып табылады. Аудармашыларға жүргізілген сауалнама нәтижесінде онлайн немесе қашықтан синхронды аударма жасау күйзеліс пен жұмыстың көптігіне алып келетіндігі белгілі болды. Зерттеу жұмысының маңыздылығы: синхронды аударманы онлайн жасау және ауызша аударма практикасы пәнін онлайн режимінде оқыту бойынша бұл жұмыс алғаш рет зерттеліп отыр. Зерттеудің практикалық маңыздылығы: зерттеу жұмысында көрсетілген сауалнама нәтижесі бойынша синхронды аудармашылар мен ауызша аударма практикасын жүргізетін оқытушылардың әдіс-тәсілдері мен жаттығуларын ауызша аударма практикасы пәні барысында кеңінен қолдануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-06-28

Жоба

Раздел

Статьи