САЯСИ БЛОГТАРДАҒЫ РИТОРИКАЛЫҚ ӘСЕР ЕТУ СТРАТЕГИЯЛАРЫ

Автор(лар)

  • А.К. Байдилдаева КазУМОиМЯ им. Абылай хана
  • Б.А. Ахатова

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.11.22.001

Кілт сөздер:

риторика,, риторикалық стратегиялар, тактика, саяси дискурс, саяси блог, әлеуметтік медиа, әсер ету стратегиясы, блогосфера.

Аннотация

Блог - белгілі бір адамның көпшілік назарына ұсынылған электронды күнделігі. Блогтар қазіргі әлемдегі әрбір адамның ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты– саяси блогта қолданылатын ағылшын тіліндегі риторикалық әсер ету стратегиялары мен тактикаларының механизмін анықтау. Мақалада риторикалық стратегиялар мен тактикалар сөйлеу стратегияларының ажырамас бөлігі ретінде қарастыру, олардың ерекшелігі, сондай-ақ оларды дискурстың ауызша компоненттері ретінде жүзеге асыру жолдары қарастырылады. Маңыздылығы – риторикалық стратегиялар мен тактикаларды зерттеу проблемалары ғана емес, сонымен қатар сөйлеушінің стратегиялық ниеті мен тактикалық міндеттерін бағалауға болатын тілдік көрсеткіштер (маркерлер) талданады. Бұл зерттеуде саяси блогтың семантикалық және дискурстық талдаулары қолданылды. Саяси дискурс блогерлеріне мақсатқа жету үшін бірқатар стратегиялар мен тактикалар қажет – өз аудиториясын жинау, тақырыпты ашу, қоғамдық-саяси сипаттағы мәселелерді қамту, бірегей контент жасау, өз идеяларын насихаттау. Біз мұндай стратегияларға келесідей стратегиялардың кіретінін анықтадық: драматизация стратегиясы, сәйкестендіру стратегиясы, жалпылау стратегиясы, даралау стратегиясы, диалогтау стратегиясы, жекелендіру стратегиясы, тақырыпты өзектендіру стратегиясы, күтуді күшейту стратегиясы. Теориялық маңыздылығы – саяси блогтарда қолданылатын адамға әсер ету құралы ретінде қазіргі тіл біліміндегі басты мәселе болып табылатын коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды зерттеу, әсіресе риторикалық стратегиялар мен тактикаларды зерттеу. Практикалық маңыздылығы – зерттеу барысында алынған нәтижелер саяси дискурс, прагмалингвистика, риторика курстарын дайындауда қолданылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-03-30

Жоба

Раздел

Статьи