ҚЫТАЙ ТІЛІНДЕГІ ҒАЛАМТОР ТІЛІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТІЛ ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛУЫ ТУРАЛЫ ТҮСІНІК
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.025Кілт сөздер:
қытай тілі, ғаламтор тілі, қытай тілін оқыту, ғаламтор тілінің маңыздылығы, ғаламтор тілінің ерекшеліктері, коммуникация, статистика әдісі, оқыту әдістемесіАннотация
Ғылыми зерттеудің мақсаты – студенттерден сауалнама жасау арқылы қазіргі қытай тілі пәнінде ғаламтор тілін оқыту жағдайына талдау жасап, ғаламтор тілін оқытудың маңыздылығын анықтау. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыты – қытай тіліндегі ғаламтор тілінің ерекшеліктерін анықтау және оның қытай тілін оқытудағы қолданылуы. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – ғаламтор тілін қытай тілін оқыту бағдарламасына тиімді енгізу. Зерттеу барысында міндеттерге қол жеткізу үшін ғылыми әдебиеттерге шолу, сауалнама жасау, статистика әдістерін қолдандық. Студенттердің ғаламтор тілін пайдалануына талдау жасалып, ғаламтор тілін оқытудың маңыздылығы анықталды. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – ғаламтор тілін қытай тілі оқыту бағдарламасына тиімді енгізу арқылы студенттердің сөздік қорын байытып, қытай тілін меңгеруге деген қызығушылықтарын арттыру.
Мақаланы жоғары оқу орындарында қытай тілі білім беру бағдарламалары бойынша дәрістер мен семинарларға, дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдалануға болады.