«ҚЫЗ» ГЕНДЕРЛІК КОНЦЕПТІСІНІҢ ЭТНОМӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ (ҚАЗАҚ, БАШҚҰРТ, ТАТАР ТІЛДЕРІ МАТЕРИАЛДАРЫ НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.019Кілт сөздер:
ұлттық таным, концепт, ғаламның тілдік бейнесі, гендерлік лингвистика, фразеологизм, макроконцепті, микроконцепт, антропоөзектікАннотация
Гендерлік лингвистикадағы қазіргі таңда зерттеуді қажет ететін тақырыптардың бірі «қыз» концептісі. Мақаланың мақсаты қыздардың қоғам өміріндегі, ұлттық мәдениеттегі рөлі мен орнын, оны сипаттайтын тілдік деректерді лингвомәдени бағытта айқындау, «қыз» концептісінің лексика-семантикалық, концептуалдық мазмұнын аялық білім деңгейі тұрғысында түсіндіру. Тілді зерттеудің антропоөзектік бағыты тіл біліміндегі адамның тілдік факторы, тілдің адамға қызмет ету мәселесі, тіл арқылы адамның табиғатын ашумен тікелей байланысты екені мәлім. Ұсынылып отырған мақалада «қыз» гендерлік концептісі және осы мәселеге қатысты қалыптасқан тұжырымдар талданады. Мақаланың мақсаты – қазақ, башқұрт, татар тілдеріндегі «қыз» гендерлік концептісін зерделеу, үш тілге ортақ бірліктерді анықтау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы «қыз» гендерлік концептісіне қатысты теориялық тұжырымдарды өзара салыстырып, практикалық деңгейде деректерді талдау арқылы негіздеуінен көрінеді. Мақалада көтерілген мәселелерді талдауда ресейлік, қазақстандық ғалымдар зерттеулері мен тұжырымдарына сүйенілді. Зерттеу мәтінді лингвистикалық талдау әдісі арқылы, диахронды-синхронды тұрғыдан сипаттама,семантикалық, этнолингвистикалық, когнитивтік талдау, жүйелеу, топтастыру әдістері арқылы жүргізілді. Мақаланың негізгі қорытындысында «қыз» гендерлік концептісін нақты мысалмен түсіндірілді. Паремиялар, фразеологизмдер гендерлік концептке қарсылық білдіру, түркі тілдік санасында ер мен әйел туралы стереотиптік идеяларды көрсететін мәдени маңызды ақпараттың құнды көзі болып табылады. Түркі тілдер мәдениетінде әйел туралы стереотиптік идеялар анықталды. Түркі тілдеріндегі түркі әйелінің гендерлік стереотипі - мейірімді, қарапайым, үй шаруасына бейім, әдепті, тәрбиелі әйел. Әйел заты паремияда, ең алдымен, отбасында бағынышты қызметке ие әйел, үй иесі ретінде ұсынылса, онда мақал-мәтелдерде қазіргі заманғы әйелдің бейнесі ер мінезімен бірдей қасиеттермен сипатталады: күш, жігер және ақыл.
Мақаланың құндылығы мазмұны мен негізгі тұжырымдарының гендерлік лингвистика бағытындағы зерттеулерге материал бола алатындығымен анықталады. Практикалық маңыздылығы талдау үлгілерінің көрсетілуімен, татар, башқұрт, қазақ тіліне ортақ бірліктерді анықтаумен байланысты. Мақалада татар, қазақ, башқұрт тілдерінде «қыз» концептісіне қатысты қолданылатын фразеологизмдер мен мақал-мәтелдер жинақталып, олардың ұлттық танымға қатысы талданды.