ҰРПАҚ САБАҚТАСТЫҒЫНЫҢ КӨРКЕМ КОНЦЕПЦИЯСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.69.2.021Кілт сөздер:
дәстүр сабақтастығы, формация, патриоттық сезім, ұлттық болмыс, көркемдік фактор, үрдіс, дәріптеу, талдау, риторика, реалистік ұстаным, мәтін, динамика, мотив, ситуация, типология, кеңістікАннотация
Мақалада қазақ балалар прозасының тақырыптық ауқымы мен көркемдік көкжиегі жылдар өткен сайын кеңейіп, онда қолданылатын көркемдеуіш құралдардың да саны арта бастағаны жан-жақты талданады. Мақаланың мақсаты шығармашылықтағы ұрпақ сабақтастығының әлсірегенін көрсету.Басқа оқырман қауымды былай қойғанда, бүгінгі таңда балалар әдебиетіне қалам тартып жатқан жас талапкерлердің арасында алдыңғы толқынды біле қоймайтындар кездесіп жатады. Әдебиетте дәстүр сабақтастығы деген ұғым бар екендігі белгілі. Жаңаша еңбек жазғысы келетін жастарымыздың алдыңғы шежірені, дәстүр сабақтастығын сызып тастауға асығуы ғылыми ойлау жүйесінен алыс. Мақаланың алға қойған мақсатын ғылыми түрде дәлелдей отырып, осы бағытта жұмыс істеп жүрген ізденушілерге ой тастау және алдағы кезеңдегі жұмыстарына көмек көрсету. Сондықтан алдыңғы буынның жекелеген өкілдерін атап өтуді жөн көріп, ішінара жан-жақты талдау да ұсынылды.
Отыз жылдың ішінде қазақ балалар прозасының төл кадрлары Роза Әбілқадырова, Тұрдақын Жексенбай, Нұрдәулет Ақыш, Пернебай Дүйсенбин, Шәкен Күмісбайұлы, Бейсенбай Сүлейменов, Толымбек Әбдірайым, Жеткерген Әбдіреев, Ділдар Мамырбай, Қанат Қайым, Болат Үсенбай, Қайым-Мұнар Тәбей, Сабырбек Олжабай, Әлібек Файзуллаұлы, Айса Хамзин, Сәбит Дүйсенбиев, Дүйсен Мағұлұмов, Кеңес Оразбек өздерінің жаңа шығармаларын оқырмандарына ұсынды. Сонымен бірге тәуелсіздік жылдары жақсы шығармаларымен көрінген Баянғали Әлімжанов, Есенәлі Ерәлі, Махмұтбай Әміреұлы, Нағашыбай Мұқатов, Сәуле Досжан, Толыбай Абылаев, Райхан Мәженова, Көсемәлі Сәттібай, Зира Наурызбаева, Есей Жеңісұлы, Бағдат Айтмұқаева, Нұрлан Қалқа бұлар – балалар әдебиетінен басқа салаларға да қалам тартатын қаламгерлер.
Олардың ізін ала шыққан Алмат Исаділ, Мейрамкүл Жаңбырбаева, Алтынай Амангелді, Мұхаметқали Қалмаханбет, Бейбіт Сарыбай, Ғалымбек Қанибекұлы, Ж.Кенжалиев, Әлібек Байбол, Елдос Тоқтарбай, Зәуре Төрехан, Мейіржан Жылқыбай, Ернұр Сейдахмет, Гүлжан Аманкелдіқызы, Есболат Айдабосын, Нұрлан Құмар, Адина Жүсіп, Айдарбек Байділда, Марат Құлибайұлы, Нұрсила Оспанова, Көкбөрі Мүбарак тәрізді жас қаламгерлер. Олардың қаламынан ұлттық болмысымызды бейнелеп жеткізетін түрлі жанрдағы шығармалар өмірге келуде. Бұл шығармалардың барлығы дерлік балалар өмірі оның шынайылығын, пәктігін түрлі оқиғалар арқылы суреттеуге тырысқан. Зерттеу жұмысының жаңалығы – балалар өміріндегі оқиғаларды әдебиеттану ғылымының заңдылықтарын басшылыққа ала отырып талдау жасау.
Бүгінгі қазақ әдебиеттану ғылымында ұрпақ сабақтастығы мәселесін көтерудің өзі құндылық болып табылады.