САЯСИ СҰХБАТТАРДАҒЫ КОММУНИКАТИВТІК СТРАТЕГИЯЛАР (ДЖО БАЙДЕНМЕН СҰХБАТ МАТЕРИАЛЫ БОЙЫНША)

Автор(лар)

  • A.A. Нурмаганбетова Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • Н.В. Монгилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.014

Кілт сөздер:

саяси сұхбат, сөйлеу әсері, коммуникация, коммуникативтік стратегиялары, тактика, саяси ұстаным, сынға реакция, жауаптан жалтару

Аннотация

Мақалада АҚШ президенті Джо Байденнің сұхбаты негізінде саяси сұхбаттарда коммуникативтік стратегияларды қолдану қарастырылады. Журналистің сынына дұрыс жауап беру және американдық әскерді Ауғанстаннан шығаруға қатысты үкімет шенеуніктерінің ұстанымын бекіту үшін Джо Байденнің қолданған коммуникативтік стратегиялары анықталды. Зерттеудің мақсаты респондент қолданатын стратегиялар мен тактикаларды, оларды жүзеге асырудың тілдік құралдарын талдау болып табылады. Мақалада саясаткерлердің журналист сынына жалпы реакциясы белгілі бір коммуникация тактикаларының көмегімен жауаптан жалтару деп қарастырылады.

Зерттеудің ғылыми және практикалық маңыздылығы оның саяси коммуникациядағы коммуникативті стратегиялар мен тактикаларды зерттеуге және коммуникативті стратегияларды жүзеге асыру механизмін зерттеу әдістемесін жасауға қосқан үлесіне байланысты. Контекстік және прагмалингвистикалық талдау әдістері белгілі бір мәнмәтінде тілдік құралдарды талдап, тілдік формалар мен прагматикалық факторлар арасындағы байланысты анықтау үшін қолданылды.

Мақала барысында президент жауаптан жалтарудың коммуникативтік тактикасының үш жиынтығын, яғни, ақталу және дауласу стратегиясын, екпінді ауыстыру тактикасын, жауаптың категориялылығын жұмсарту, жалпылау тактикасы, адресаттың эмоцияларына сүйену және мәселені шешуге нұсқау тактикасы жауап беруден жалтаруға және ынтымақтастық орнатуға мүмкіндік беретін құрал ретінде, сонымен қатар әңгімелесушімен қарым-қатынасты құру жолы болып табылады әрі қарым-қатынасты  жеңілдету амалы болып саналатыны анықталды. Практикалық маңыздылығы оның негізгі тұжырымдарын саяси дискурс саласындағы зерттеулер үшін, сондай-ақ Саяси лингвистика сияқты университеттік пәннің тәжірибесінде пайдалануды қамтиды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи