ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИН ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ

Автор(лар)

  • Досова А.Т. Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • Абсадық А.А.
  • Макатова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.005

Кілт сөздер:

мәтін, концепт, фрейм, Ыбырай Алтынсарин, оқу, еңбек, өнер, таным

Аннотация

Мақаланы жазу барысында Ыбырай Алтынсариннің халықты сауаттандыру жолындағы оқу-білімге деген көзқарасын танытатын   шығармалары талдауға  түсті.  Жалпы оқырманға кең тараған  «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы негізгі зерттеу объектісі болып табылады. Ыбырай Алтынсарин шығармалары концептілік бағытта талдауға түсті. Ағартушылық тақырыбында жазылған шығармаларының мазмұны мен тәрбиелік мәні концептуалдық талдау  жүргізу кезінде ашылды.  «Оқу» және «өнер» концептілерінің мазмұнын ашатын фреймдік құрылымдар зерделенді.  Ыбырай Алтынсарин шығармашылығын талдай келе, жазушы шығармаларының өзекті тақырыптары – оқу және өнер деген тұжырымға келдік.

        Мақалада Ыбырай Алтынсарин шығармаларына концептілік талдау жасау арқылы  мәтін тілінің лингво-когнитивтік деңгейін анықтауға тырыстық.  Оқу және өнер ұғымдарының мәнін ашатын тілдік бірліктерді сұрыптап, олардың мәтіндегі лингвистикалық қызметін айқындадық.  «Оқу» және «өнер» концептілерін танытатын  тілдік бірліктердің мән-мағынасы  Қазақ тілінің түсіндірмелі сөздігінде берілген анықтамалар  арқылы түсіндірілді. Сондай-ақ  олардың мәтіндегі қолданысы анықталып,  лингвистикалық қызметі айқындалды.

        Зерттеудің теориялық бөлімін қарастыруда  қазақстандық ғалымдардың концептология жөніндегі ғылыми еңбектері басшылыққа алынған.  Мақаланың  ғылыми-теориялық бөлімі тәжірибелік маңыздылығымен логикалық тұтастықта байланысқан.

        Мақалада келтірілген ғылыми-теориялық тұжырымдарды Ыбырай Алтынсарин шығармашылығына арналған арнайы курстарда басшылыққа алуға болады. Сондай-ақ  жұмыс нәтижелерін Когнитивтік лингвистика, Тіл білімінің жаңа бағыттары пәндері бойынша өтілетін семинар сабақтарында, білім алушылардың өздік  жұмыстарын орындауда  қолдануға болады деп ойлаймыз. 

        Ғалым-педагогтің  шығармашылығын зерттеу  Қазақстан ғылымында жаңа көзқарастар мен тың идеялар қалыптастыруға септігін  тигізері анық.  Ыбырай Алтынсарин шығармаларының танымдық сипатын айқындау алғаш рет қарастырылып отыр.  Бұл зерттеу тақырыбымыздың өзектілігін айқындайды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи