М.ӘУЕЗОВ ШЫҒАРМАЛАРЫНЫҢ ТҮПНҰСҚА МӘТІНДЕРІ МЕН АУДАРМАЛАРЫНЫҢ МӘТІНДЕРІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІКТЕРДІҢ СТИЛИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.020Кілт сөздер:
лингвомәдени бірліктер, лингвомәдениеттану, лингвокультурема, көркем аударма, лакуна, тілдің паремиологиялық қоры, баламасыз лексика, М.ӘуезовАннотация
Ұсынылып отырған мақалада М.Әуезов шығармаларының түпнұсқасы мен аудармаларындағы лингвомәдени бірліктердің берілуі, стилистикалық ерекшеліктері, қазақ зерттеушілерінің лингвомәдени бірліктер жайындағы пікірлері талданады. Мақаланың мақсаты – М.Әуезов шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің түпнұсқадағы және аудармадағы берілуін салыстыру және талдау. Мақаланың міндеттері: түсініктерді талдау және саралау арқылы лингвомәдени бірліктер туралы зерттеушілердің еңбектерін зерделеу; концептологиялық деңгейде М.Әуезов шығармаларындағы ұлттық болмыс көрінісін беретін "батыр", "қасқыр", "жетім" лингвомәдени бірліктерін талдау. Мақаланың ғылыми маңыздылығы лингвомәдениеттану саласындағы линвомәдени бірліктерге қатысты зерттеушілердің еңбектеріне, пікірлеріне сүйене отырып, теориялық тұжырымдарды қарастырып, салыстырып, практикалық негізде «Қорғансыздың күні», «Көксерек», «Жетім» шығармаларын зерттеулерінен көрінеді. Мақалада көтерілген мәселені талдауда лингвомәдени бірліктер жайындағы ғылыми зерттеулер, докторлық диссертациялар негізге алынды. Оның ішінде О.Бөкей шығармалары негізінде жазушының тілдік тұлғасының аудармада берілуін қарастырған Н.Жұмайдың, М.Жұмабаев поэзиясының үш тілдегі аудармаларының лингвомәдени аспектілерін қарастырған А.Алпысбаеваның, Абай поэзиясы аудармаларына салыстырмалы талдау жасаған А.Жапарованың, Ә.Нұрпейісовтің «Соңғы парыз» шығармасындағы лингвомәдени бірліктерді зерттеген А.Төлеубаеваның, М.Әуезовтің тілдік тұлғасын зерттеген А.Кушкимбаеваның ғылыми еңбектері қарастырылып, негізге алынды. Зерттеу лингвомәдени бірліктердің түпнұсқа мен аудармада берілуін салыстырмалы зерттеу әдісі арқылы жүзеге асты. Мақаланың қорытындысында М.Әуезов шығармаларындағы лингвомәдени бірліктердің стилистикалық ерекшеліктері мен аударма барысындағы трансформацияның түрлері анықталды, әсіресе, ұлттық болмысты танытатын ұғымдар нақтыланып, мағыналары дамытылды. Сондай-ақ, М.Әуезов шығармаларындағы лингвомәдени бірліктер ұлттық болмысты танытып, сипаттау арқылы көрініс беретіні анықталды. Қазақ танымында мәні жоғары «батыр», «қасқыр», «жетім» линвомәдени бірліктерінің аудармада берілуі ерекшелігі қамтылды.
Мақаланың құндылығы М.Әуезов шығармашылығының лингвомәдениеттану саласының нысаны ретінде қарастырылып, халық танымындағы ұғымдардың, бірліктердің көркем аудармадағы трансформация ерекшеліктерін анықтаумен байланысты.