КЕЙБІР ӨСІМДІК АТАУЛАРЫНЫҢ ЭТНОГРАФИЯЛЫҚ СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.015Кілт сөздер:
этнография, жусан, адыраспан, қамыс, бадам, жаңғақ, фитоним, табиғатАннотация
Қазақ даласы жер бедері алуан түрлі, өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне бай. Халықтың ұлттық болмысын, рухани мәдениетін, салт-дәстүр ерекшелігін табиғат-адам қатынасына сай келетін өсімдік атаулары көрсетеді. Жылдар бойы өсімдік атауларының биологиялық ерекшеліктері мен құрылымдық жүйесі қарастырылды. Ал олардың семантикасы, фитонимдердің жасалу уәжі, ұлттық ерекшелігі әлі де зерттеуді талап етеді.
Зерттеу жұмысының мақсаты – қазақ тіліндегі өсімдік атауларын нысан етіп алып, олардың когнитивтік лингвистикадағы орнын анықтау, этнографиялық сипатын көрсету. Зерттеу жұмысының маңыздылығы адыраспан, жусан, қамыс, бадам, жаңғақ секілді фитонимдердің этимологиясын, лингвистикалық ерекшеліктерін, емдік қасиеттерін, киелілік, магиялық, мифтік айрықша белгілерін қарастыру. Мақаланы жазу барысында сипаттау, лексика-семантикалық талдау, жүйелеу әдістері қолданылды. Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесінде адыраспанның пайдасы, басты ерекшелігі туралы ақпарат беріліп, түрік және қазақ халықтарының осы өсімдік жайлы таным-түсініктері салыстырылды. Жусан өсімдігінің этимологиясына тоқталып, қазақ танымындағы символдық мәні ескерілді. Қамыс фитониміне анықтама беріліп, этнографиялық сипаты айқындалды, сонымен қатар қамысқа байланысты кездесетін түс жорулар қарастырылды. Ғалымдардың теориялық пікірлері ескеріліп, аталған өсімдіктердің көркем әдебиетте қолданылу ерекшеліктері, фитонимдер негізінде жасалған тұрақты тіркестер мен тілдік бірліктер көрсетілді. Өсімдіктерге қатысты тіл білімінде, ауыз әдебиеті үлгілерінде кездесетін теңеулер, ырым-тыйым сөздер мен мифологиялық ақпараттар, наным-сенімдер қарастырылды. Зерттеудің практикалық маңызы:этнографиялық сөздіктерді пайдалана отырып берілген өсімдіктердің этнолингвистикалық сипаты анықталды. Антропоөзектік парадигма негізінде өсімдік атауларына қатысты бірліктерді адамның танымдық ойлау қабілетімен байланыстыра қарастыру қолға алынды.