СИНОНИМИЯНЫ СЕМАНТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ ЗЕРТТЕУДІҢ ЖАҢА ТӘСІЛДЕРІ

Автор(лар)

  • С.А. Жиренов КазНПУ им. Абая
  • А. Ержанкызы

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.007

Кілт сөздер:

синоним, синонимия, семантикалық категория, вариативтілік, денотатив, лингвистика, архисема, дифференциалдық сема, компонент, контекст

Аннотация

Синонимия – лексикалық категория. Синонимдік бірліктер сөз мағынасын байытушы лекцикалық единица. Синонимдерге тән қасиеттің бірі – мағынажасам қызметі. Ғылыми зерттеу жұмысының мақсаты – тілдегі синонимиялардың семантикалық категория ретінде мағынажасам процесіне белсене қатысатындығы арнайы нысан ретінде зерделенеді.

Лексикалық жүйедегі синонимияны семантикалық категория ретінде зерттеудің негізгі бағыттары мен идеяларына семантикалық парадигмадағы мағыналық өрістің кеңею жолдары, сөз мағынасының дамуы мен өзгеруі, мағыналық реңктердің қолданысы, сөз мағыналарының түрленуі деген мәселелерді зерттеу арқылы семасеология, лексикалық парадигма, когнитивтік семантика секілді бағыттардың мазмұнын теориялық және практикалық тұрғыдан жетілдіруді көздейді. 

Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы мен практикалық маңыздылығына тілдегі синонимдер тек лексикалық единица ғана емес, семантикалық тұрғыдан сөз мағынасын байытушы, мағынажасамдық сипатқа ие категория ретінде арнайы қарастырылуы зерттеудің ғылыми жаңалығы саналса, зерттеудің практикалық маңыздылығына синонимдер семантикасын зерттеу барысында алынған нәтижелер мен тұжырымдары көркем мәтіндерге лексика-семантикалық талдау жұмыстарында және лингвостилистикалық талдаулардың сапасын арттыруға өзіндік септігін тигізеді.

Синонимдік бірліктердің семантикасын зерттеудің әдіснамасына лингвокогнитология, психолингвистика, лингвофилософия, лексикалық парадигма салаларындағы сөздің мағыналық танымдық мазмұнын қалыптастыруға, тілдің лексика-семантикалық қабатын байытуға қатысты лингвистикалық тұжырымдaр мен қaғидaлaр, ұcтaнымдaр мен зaңдылықтaр негіз етіп алынады.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижелері мен талдау жұмыстарына сәйкес синонимдердің ішкі лингвистикалық әлеуеті мен оны тұтынушының психологиялық, танымдық, логикалық қасиеттеріне, коммуникативтік, прагматикалық мақсаттарына байланысты тілдік бірліктердің, оның ішінде лексикалық бірліктердің мағынасының кеңеюінен туындайтын мағынажасамдық құбылыс синонимияның семантикалық категория екендігін көрсетеді.

Ғылыми зерттеу жұмысының қорытындылары тілдегі синонимдік бірліктердің семантикалық болмысын тануда тіл бірліктерінің семантикалық жақындық дәрежесі мен семантикалық өрісі арасында бірінің мазмұнын бірі жетілдіріп отыратын, қоршаған ортамен өзара байланысқа түсіретін көзге көріне бермейтін тіл табиғатына тән нәзік иірімдер жатқандығын көрсетеді.

Зерттеудің құндылығы тіл біліміндегі лингвокогнитология, психолингвистика, лингвофилософия, лексикалық парадигма секілді ғылым салаларының теориялық базасының дамуы мен синонимия теoрияcының зерттеу бaғыттaрына үлес қосады.

Синонимияны семантикалық категория ретінде зерттеудің мақсаты мен міндеттеріне сәйкес лингвистикалық сипаттама әдісі, стилистикалық-семантикалық талдау әдістерімен қатар, теориялық тұжырымдарға сүйене отырып, ғылыми тұрғыдан талдау қорыту т.б. әдістер қолданылды.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи