АҒЫЛШЫН ТІЛІ САБАҚТАРЫНДА ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Автор(лар)

  • М. Кенжебекқызы Казахский Национальный университет имени Аль-Фараби
  • Ж.К. Ибраева Казахский Национальный университет имени Аль-Фараби

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.023

Кілт сөздер:

сауаттылық, оқу, тұлға, қалыптасу, ағылшын тілі, оқыту, міндеттер, әдістер

Аннотация

Қазіргі әлемде ағылшын тілі тек қарым-қатынас құралы ғана емес, сонымен қатар оқу мен жұмыс үшін қажетті құралға айналды. Уақыт өте сайын адамдар күнделікті өмірде ағылшын тілін қолдану қажеттілігіне тап болады, атап айтқанда: әлеуметтік желілерде сөйлесу, құжаттармен жұмыс істеу, ақпарат іздеу, шетелдік серіктестермен ынтымақтастық, саяхат. Сонымен қатар, ағылшын тілі студенттің мүмкіндіктерін кеңейтеді, дүниетанымы мен жеке тәжірибесін қалыптастырады. Сондықтан оқу сауаттылығын қалыптастыру процесін зерттеу қазіргі уақытта өзекті мәселе болып табылады. Бұл мақаланың мақсаты ағылшын тілі сабақтарында оқу сауаттылығын қалыптастыру әдістемесін, талаптарын, процесі мен факторларын зерттеу. Мақаланың нысаны оқу сауаттылығын  қалыптастырудың сәттілігі болып табылады. Мақаланың нәтижелері мен қорытындылары оқушылардың оқу сауаттылығын қалыптастыру міндеттеріне арналған басқа зерттеулерде одан әрі қолданыла алады. Мақалада келесі зерттеу әдістері қолданылады: ғылыми әдебиеттерді талдау және жалпылау, шетелдік ғалымдардың зерттеулері, бақылау, сөзді тікелей түсіндіру, сауалнама. Зерттеудің практикалық маңыздылығы, технологиялар мен әдістемелерді енгізу кезінде ағылшын тілі сабақтарында, сондай-ақ орта және жоғары педагогикалық мекемелерде шет тілін оқытудың теориясы мен әдістемесі бойынша семинарларда мақала материалдарын пайдалану мүмкіндігі болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи