ЭЛЕКТРОНДЫ ХАТТЫҢ ЛИНГВО-КОММУНИКАТИВТІК БЕЛГІЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.016Кілт сөздер:
электронды хат, компьютерге негізделген коммуникация, электронды коммуникация, электронды пошта, лингвистика, онлайн, асихронды, синхрондыАннотация
Мақала электронды коммуникация құралдарының бірі – электронды хат туралы зерттеудің нәтижелерімен бөліседі. Бұл зерттеудің мақсаты – коммуникацияның құралы ретінде электронды хаттың лингвистикалық және коммуникативтік белгілерін анықтау.
Электронды пошта арқылы хат алмасу адамдар арасындағы қарым-қатынасқа өткен ғасырдың 70 жылдарынан бүгінгі күнге дейін қызмет етіп келе жатқан электронды коммуникацияның тұрақты әрі сенімді құралы болып қалуда. Оның электронды коммуникацияның басқа түрлерімен салыстырғанда өзіне тән ерекшеліктері мен белгілері бар. Электронды коммуникацияның жылдам хабарлама, чат топтар, веб блогтар, тағы басқа түрлерімен салыстырғанда электронды хат байланыстың іске асуы, уақыт пен мекенге тәуелсіздігі, кері байланыстың ілеспелілігі, функционалдық мақсаты, құрылымы, стилі және тілі жағынан ерекшеленеді. Сонымен қатар электронды хаттың коммуникацияның бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі жазбаша және ауызша сөйлеу орталарымен ұқсайтын және олардан ажырайтын сипаттары бар.
Зерттеудің дереккөздері электронды коммуникация, соның ішінде электронды хат тақырыбында жарық көрген ғылыми зерттеулер болып табылады. Зерттеу деректері ретінде зерттеу авторының жұмыс электронды поштасынан іскерлік мақсаттағы электронды хаттар алынды. Зерттеу салыстыру, сыни талдау және контент-талдау әдістерімен жүргізілді.
Бұл зерттеудің нәтижелері электронды хаттың байланыстың сенімді әрі тұрақты құралы болуы, қарым-қатынасқа жайлылық пен еркіндік қосуы, бірден бірнеше адресатқа жіберілуі және тез жетуі, сондай-ақ хабарламалардың уақытша болуы белгілерімен электронды коммуникацияның басқа түрлерінен ерекшеленетінін, ал табиғатында асихронды және синхронды байланыс түрлерінің қатарласа жүруі және ілеспелі кері байланыстың кем болуы белгілерімен қарым-қатынастың ауызша сөйлеу ортасына ұқсайтынын және одан ажырайтынын да көрсетіп отыр. Электронды хат адамдар арасындағы қарым-қатынасты жүзеге асыратын, өзіне тән құрылымы және тілдік белгілері бар коммуникациялық орта болып табылады.
Бұл зерттеудің құндылығы қазақ тілді электронды коммуникация тақырыбының зерттелуін кеңейту, сондай-ақ оның мәселелерін түсіну мен талдауды тереңдету болып табылады.
Жұмыс қорытындыларының практикалық маңызы адамдар арасындағы электронды қарым-қатынастың ғылыми негізін түсінуден, виртуалды әлемді қолданушылардың лингвистикалық танымын кеңейтуден және интернет пен тіл арақатынасының түрлі аспектілерін зерттеуге бағытталған лингвистикалық еңбектердің санын арттырудан көрінеді.