АБАЙДЫҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ӨЛЕҢДЕРІНДЕ ҚОЛДАНЫЛҒАН АРАБТІЛДІ «ҚАУЛ» ТЕРМИНІНІҢ ТҮСІНІГІ

Автор(лар)

  • Амренов А.Д. Павлодарский педагогический университет имени Алкея Маргулана
  • Cаурбаев Р.Ж.
  • Сарыбаева Б.Ж.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.72.1.029

Кілт сөздер:

текстология, араб-парсы лексикасы, пропозиция, масдар, фәлсәфалық термин, мантық-логика, дін ілімі, мәтін концептісі, кәләм, ақида

Аннотация

Абайдың шығармашылық мұрасы гуманитарлық бағытта жан-жақты зерттеліп келеді, зерттеліп те жүр. Бір кемшін тұсы ақын шығармаларының текстологиялық жағын қарастыруда жатыр. Әсіресе философиялық туындыларындағы араб сөздерінің терминдік мағынасы ашылған жоқ. Жалпы Абай шығармаларының араб-парсы тілінен енген лексикалық қабаты түбегейлі зерттелмеген. Соның ішінде араб тілі арқылы енген діни, философиялық, логикалық терминдер назардан тыс қалған.

Мақаланың мақсаты Абай өлеңі мәтінінде қолданылған араб тілді логика-философиялық терминің ұғымдық-семантикалық ерекшелігін анықтау.

Мақалада Абайдың «Алла деген сөз жеңіл» өлеңінде қолданылған текстологтар тарапынан қарастырылмаған немесе терминдік мағынасы ашылмаған араб тілді ортағасырлық интеллектуалды мәтіндерде (діни мәтіндерде, логикалық-фәлсәфәлық трактаттарда) жиі кездесетін «қаул» терминіне талдау жасалған. Араб тілінде  ғылыми-философиялық термин болып қалыптасқан сөздің таным саласында дамуы мен тілде орнығуы және ол сөзді Абайдың өлеңінде қолдануы талданады. Оның жазған философиялық лирикасындағы діни  терминологияның кәләмдік (фәлсәфа) және мантықтық (логика) дәстүрдің қалыптаса бастауын белгілеген әл-Фараби еңбегінің жалғасы ретінде қарастырылады.

Философиялық және діни синтезге негізделген сенім, ақида ілімін уағыздау барысында Абай өзінің философиялық мәтіндеріне терминдерді қолданып өзіндік концепциялар енгізеді және ортағасырлық араб философтары қалыптастырған арнайы ғылыми-танымдық терминологияны өзінің поэтикалық шығармасында орынды көрсетеді.

Авторлар Абай қолданған «қаул» терминіне қатысты дін ілімдерінің (фиқһ, шариғат, ақида, хадис, т.б) ортағасырлық араб интелектуалдық контексті тұрғысынан ислам ғұламаларының, оның ішінде Әбу Насыр әл-Фарабидің логика-философиялық трактаттарындағы тұжырымдарды, шығыстанушы-ғалымдар тарапынан айтылған пікірлерді келтіріп, салыстыра қарап, өз түйінді ойларын білдіреді.

Зерттеу жүргізу барысында сипаттау, анализ жасау, ретроспективті зерттеу әдістері қолданылған. Зерттеу нәтижесінде «қаул» терминінің ақида, фиқһ, шариғат, хадис, құрантану сияқты дін ілімдерініндегі көрінісіне талдау жасалды.

Абай шығармаларындағы діни, діни-философиялық, логикалық терминдердің күні бүгінге дейін қарастырылмауы зерттеудің өзектілігін анықтайды.

Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы – бұл мақала жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану пәндерінің циклі бойынша дәрістер мен семинарларға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-03-29

Жоба

Раздел

Статьи