СЕЙФ САРАИДІҢ «ГҮЛІСТАН БИТ-ТҮРКИ» ЖАЗБА ЕСКЕРТКІШІНІҢ ГРАФИКА-ОРФОГРАФИЯЛЫҚ, ФОНЕТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІГІ

Автор(лар)

  • А.A. Сейтбекова А.Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институты
  • Г.М. Мамырбек
  • М.М. Малбаков

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.017

Кілт сөздер:

араб графикасы, ескерткіш, графема, дыбыс, аударма, фонетика, орфография, транскрипция

Аннотация

Ортағасырда араб графикасының жалпытүркілік сөздерді таңбалауда өзіндік жүйесі болды. Араб жазуы ғасырлар бойы  қолданыста болып, сол кездегі қоғамның рухани, мәдени қажетін өтеді. Сондықтан біздің дәуірімізге дейін сақталған ортағасыр жазба ескерткіштер мәтіндерінің графикалық, орфографиялық және фонетикалық ерекшеліктері толық зерттеуді қажет етеді. Себебі қазіргі түркологиялық зерттеулерде араб графикасымен жазылған мәтіндердегі кейбір әріптерді, олардың графикалық белгілерін әртүрлі қабылдап, әртүрлі транскрипциялағанын байқауға болады.  Кез келген араб жазулы жазба ескерткіштің транскрипциясы мен аудармасын жасау үшін графика-орфографиялық ерекшелігін талдау –  теориялық және практикалық  тұрғыдан өзекті болып отыр.  Осыған орай зерттеу жұмысының  мақсаты  –  Алтын Орда дәуірінде жазылған көпшілікке мәлім Сейф Сараидің «Гүлістан бит-түрки» жазба ескерткішінің графикасын, графикалық бірліктерінің функциясын, орфографиялық принциптері, тарихи-орфографиялық нормаларын, фонетикалық ерекшелігін талдау. 

Сейф Сараидің «Гүлістан бит-түрки» жазба ескерткішіндегі графикалық, орфографиялық, фонетикалық бірліктер лингвостатистикалық, тарихи-салыстырмалы талдау әдістері негізінде қарастырылды.

Зерттеу барысында мынадай нәтижелерге қол жеткізіледі: араб графикасымен дауысты, дауыссыз дыбыстардың берілу жүйесі талданады; кейбір дыбыстардың көпфункционалдылығы және оның жазуға әсері анықталады; орфографиялық принциптері айқындалады; графикалық, орфографиялық, фонетикалық ерекшеліктері  өзге де орта ғасыр жазба ескерткіштермен салыстырылады, ұқсастықтары мен айырмашылықтары анықталады, қазіргі қазақ тілімен сабақтастығы талданады. 

Зерттеу нәтижесі ортағасыр дәуіріндегі түркі тілдері тарихындағы араб жазуының рөлін анықтауға болады. Зерттеу жұмысының практикалық мәні түркітану саласындағы, оның ішінде қазақ тіл біліміндегі кейбір графика мен фонетикада туындаған мәселелерді нақтылауда, толықтыруда  көрінеді.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-12-28

Жоба

Раздел

Статьи