ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ТҮРІК ТІЛДЕРІНДЕГІ СОМАТИКАЛЫҚ ҚҰРАМЫ БАР ФРАЗЕОЛОГИЯЛЫҚ БІРЛІКТЕР
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.011Кілт сөздер:
соматизм, фразеологиялық бірліктер, адам денесі, етістік, соматикалық компонент, метафора, мәдениет, дінАннотация
Бұл жұмыста адамның дене мүшелеріне байланысты фразеологизмдерге салыстырмалы талдау жасалады. Бұл зерттеудің мақсаты – фразеологиялық бірліктерді зерттеу және олардың негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтарын анықтау. Салыстырмалы талдау бір тілдік топқа кіретін екі тіл: қазақ және түрік тілдерінің негізінде жүргізілген. Зерттеу материалдары ретінде фразеологиялық сөздіктерден жаппай іріктеу әдісімен жинақталған қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологиялық тікестер алынған. Қазақ және түрік тілдеріндегі соматикалық фразеологизмдердің жалпы лексика-грамматикалық сипаттарына қатысты мәселелерде қоса қарастырылды
Зерттеудің ғылыми жаңалығы – бір топтағы екі біржүйелі, генетикалық жақын тіл – қазақ және түрік тілдеріндегі құрамында адамның дене мүшесі қолданылған фразеологизмдерге толық талдау жасалуында.
Негізгі зерттеу әдістері ретінде салыстырмалы-салғастырмалы, сипаттау әдістері алынды.
Талдау нәтижесінде анықталған қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологиялық оралымдардың айырмашылықтары жұмыстың ғылыми жаңалығы ретінде көрініс береді. Бір құбылыс екі тілде әр түрлі беріледі, түрлі образдар мен метафоралар арқылы бейнеленеді. Тағы бір ерекшелігі, екі тілде бір мағынадағы фразеологизмдерде түрлі етістіктер қолданылады.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған қорытындылар, шын мәнінде, адамның дене мүшелеріне қатысты қазақ және түрік тілдеріндегі фразеологизмдердің негізгі бөлігі өзара ұқсас, айырмашылығы белгілі бір образды беру үшін әр түрлі естістіктерді қолданылады деген қорытынды шығаруға болады. Көбінесе қазақ және түрік тілдері әртүрлі етістіктерді беру үшін бір бейнені пайдаланады. Аталмыш тілдердегі соматикалық фразеологизмдердің басым көпшілігі етістік сөз табына қатысты болып келеді.
Екі халыққа ортақ мәдениет пен діннің рөлі екі тілдегі фразеологиялық тіркестердің қалыптасуында маңызды екендігін атап өткен жөн.