ҚАЗАҚСТАНДЫҚ БРЕНД АТАУЛАРЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.71.4.018Кілт сөздер:
брендинг, бренд, бренд атауы, нейминг, коммерциялық номинация, лингвистикалық аспект, экстралингвистикалық аспект, бренд атауларының қызметтері, бренд атауларының түрлеріАннотация
Мақалада лингвистикалық және экстралингвистикалық аспектілерде бренд атауларын қалыптастыру негіздері қарастырылады. Зерттеу материалы ретінде қазақстандық өндірушілердің киім брендтерінің атаулары болды. Бренд терминінің лингвистикалық зерттеу объектісі ретіндегі түсіндірмесі беріліп, коммерциялық номинацияның бір түрі болып табылатын бренд атауларының номинативті, ақпараттық, ажыратушы, эстетикалық, әсер етуші, тартымды қызметтері анықталып, қарастырылады. Бренд атауларының түрлеріне ерекше назар аударылылып, бірнеше принциптер бойынша олардың жіктелуі ұсынылады: құрылымы бойынша, көрінім дәрежесі бойынша, қалыптасуы бойынша, ресмилік дәрежесі бойынша, уәждеме дәрежесі бойынша. Жұмыста лингвистикалық модельдеу, сипаттау, гипотетикалық-индуктивті, сонымен қатар материалды талдау және синтездеу әдістері қолданылады.
Лексикалық материалды талдау бренд атауын қалыптастыру процесіне шешуші әсер ететін лингвистикалық факторларды, соның ішінде фонетикалық, графикалық, лексикалық, стилистикалық, семантикалық және морфологиялық аспектілерді ажыратуға мүмкіндік берді. Экстралингвистикалық факторлардың ішінде мәдени контекст, бәсекелестік орта, мақсатты аудитория, ұлттық сипаттағы ерекшеліктер, мақсат пен прагматика анықталды. Мамандардың тұжырымдары зерттеліп, жалпыланды, бұл ономатопея, аллитерация, рифма, аббревиатура, неологизм, шет тіліндегі лексиканы қолдану сияқты әртүрлі тілдік құралдарды қамтитын бренд атауларын жасау әдістерін анықтауға және талдауға мүмкіндік берді. Сонымен қатар, атауларды қалыптастыру тәсілдері зерттелді, олардың ішінде антропологиялық критерий бойынша номинация, сондай-ақ қазақ лексикасын, неологизмдерін және шет тіліндегі сөздерді қолдану жиілігі жоғары болды. Социолингвистикалық аспектідегі практикалық материалды талдау және түсіндіру қазіргі қоғамда болып жатқан процестерді бейнелейтін тіл бірліктерін анықтауға мүмкіндік берді: қоғамның ұлттық мәдениет пен тілге деген қызығушылығының жандануы, мемлекеттік тілдің ұстанымдарының нығаюы, қазақстандық қоғамның жаһандану үдерістеріне тартылуы.
Қазақстанда мұндай зерттеулер әлі жүргізілген жоқ және жұмыстың ғылыми маңыздылығы қазіргі қазақстандық қоғамды өзгерту жағдайында бұл жұмыстың нәтижелерін теориялық тұрғыда салада ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде пайдалануға болатындығына байланысты. әлеуметтік лингвистика, прагмалингвистика, лингвомәдениеттану, сонымен қатар атау және брендинг мамандарына практикалық нұсқаулық ретінде қызмет етеді.