АҒЫЛШЫН ТІЛІ НУМЕРАТИВ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАНЫМ

Автор(лар)

  • Кыдырмолдина Э.Т. КазНПУ им.Абая
  • Карбозова Б.Д.
  • Рыспанова А.А.
  • Сойлемез О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.014

Кілт сөздер:

сан, киелі ұғым, ұлттық ерекшелік, фразеологизм, жағымды, жағымсыз, коннотация, жиілік

Аннотация

Тұрақты сөз тіркестері ұлттың мәдениетін, тұрмыстық қалпын, дәстүрі мен салтын,әдеті мен ғұрпын, дүниетаным сонылығын айқындайтын тіл білімінің ерекше саласы. Қазіргі тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени  сипатын ашу аса маңызды. Мақаланың кіріспе бөлімінде сан компонентті тұрақты сөз тіркестерін зерттеудің маңызы туралы айтылған. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени сипатын ашу,  ағылшын тіліндегі бір саны мен он саны аралығындағы сандар ұйытқы болған фразеологизмдердің жағымды және жағымсыздық коннотациясы, көркемділігі мен матафоралық ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу жұмысының мақсатына жету барысында бірнеше ғылыми бағыттар, яғни киелі мағынаға ие лексемалардың қолданылу жиілігі, лексика-семантикалық мазмұны мен стильдік реңктері зерттелді. Фраземалардың лингвомәдени статусы анықталып, жағымды және жағымсыз коннотациялары, метафоралығы мен образдылығы бағаланып, ағылшын тілі идиомаларының функционалды-семантикалық өрістері арасындағы ассоциативті байланыстар ажыратылды. Әрбір тіл білімінде  тұрақты сөз тіркестерінің тарихы мен әлеуметтік табиғатын , мәдени және діни табиғатын ашу үшін лингвомәдени әдісі жүзеге асатыны белгілі. Сондай-ақ,  зерттеудің әдіснамасы лексика-семантикалық әдіске негізделді. Мақалада дүниенің фразеологиялық суретіндегі фразеологиялық бірліктердің баламалылығы және лакуналардың қалыптасу мәселесі қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде ағылшын тіліндегі елу жеті  сан компонентті  тұрақты сөз тіркестері талданды. Соның ішінде, отыз екі тұрақты сөз тіркесі жағымды мәнде, жиырма бес тұрақты сөз тіркесінің жағымсыз мәнде қолданылатыны анықталды. Мақаланың зерттеу обьектісі-лексикографияда жұмсалынатын және лингвомәдениеттануда зерттелінетін  сан компонентті лексемалы тұрақты сөз тіркестері.Зерттеу жұмысында ағылшын тіліндегі сан компонентті фразеологизмдер, оның ішінде бірден онға дейінгі тұрақты сөз тіркестері сипатталынып, семантикалық мәні ашылып,  лингвомәдени талдау негізінде зерттелінді. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызын өзге тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуде, тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени тұрқын қалыптастыру мен лингвокультуремаларды даралауда, аударма саласында пайдалануға болады. Мақаланың құндылығы– ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лингвомәдени, ұлттық ерекшеліктері, фразеологизмдер қорының  жағымды-жағымсыздық мәнде қолданылуы мен  таным деңгейінде саралануы болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles