АҒЫЛШЫН ТІЛІ НУМЕРАТИВ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРІНДЕГІ ЛИНГВОМӘДЕНИ ТАНЫМ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.014Кілт сөздер:
сан, киелі ұғым, ұлттық ерекшелік, фразеологизм, жағымды, жағымсыз, коннотация, жиілікАннотация
Тұрақты сөз тіркестері ұлттың мәдениетін, тұрмыстық қалпын, дәстүрі мен салтын,әдеті мен ғұрпын, дүниетаным сонылығын айқындайтын тіл білімінің ерекше саласы. Қазіргі тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени сипатын ашу аса маңызды. Мақаланың кіріспе бөлімінде сан компонентті тұрақты сөз тіркестерін зерттеудің маңызы туралы айтылған. Зерттеудің мақсаты – ағылшын тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени сипатын ашу, ағылшын тіліндегі бір саны мен он саны аралығындағы сандар ұйытқы болған фразеологизмдердің жағымды және жағымсыздық коннотациясы, көркемділігі мен матафоралық ерекшеліктерін айқындау. Зерттеу жұмысының мақсатына жету барысында бірнеше ғылыми бағыттар, яғни киелі мағынаға ие лексемалардың қолданылу жиілігі, лексика-семантикалық мазмұны мен стильдік реңктері зерттелді. Фраземалардың лингвомәдени статусы анықталып, жағымды және жағымсыз коннотациялары, метафоралығы мен образдылығы бағаланып, ағылшын тілі идиомаларының функционалды-семантикалық өрістері арасындағы ассоциативті байланыстар ажыратылды. Әрбір тіл білімінде тұрақты сөз тіркестерінің тарихы мен әлеуметтік табиғатын , мәдени және діни табиғатын ашу үшін лингвомәдени әдісі жүзеге асатыны белгілі. Сондай-ақ, зерттеудің әдіснамасы лексика-семантикалық әдіске негізделді. Мақалада дүниенің фразеологиялық суретіндегі фразеологиялық бірліктердің баламалылығы және лакуналардың қалыптасу мәселесі қарастырылды. Зерттеу нәтижесінде ағылшын тіліндегі елу жеті сан компонентті тұрақты сөз тіркестері талданды. Соның ішінде, отыз екі тұрақты сөз тіркесі жағымды мәнде, жиырма бес тұрақты сөз тіркесінің жағымсыз мәнде қолданылатыны анықталды. Мақаланың зерттеу обьектісі-лексикографияда жұмсалынатын және лингвомәдениеттануда зерттелінетін сан компонентті лексемалы тұрақты сөз тіркестері.Зерттеу жұмысында ағылшын тіліндегі сан компонентті фразеологизмдер, оның ішінде бірден онға дейінгі тұрақты сөз тіркестері сипатталынып, семантикалық мәні ашылып, лингвомәдени талдау негізінде зерттелінді. Зерттеу жұмысының ғылыми және практикалық маңызын өзге тілдерді салыстыра-салғастыра зерттеуде, тұрақты сөз тіркестерінің лингвомәдени тұрқын қалыптастыру мен лингвокультуремаларды даралауда, аударма саласында пайдалануға болады. Мақаланың құндылығы– ағылшын тіліндегі фразеологизмдердің лингвомәдени, ұлттық ерекшеліктері, фразеологизмдер қорының жағымды-жағымсыздық мәнде қолданылуы мен таным деңгейінде саралануы болып табылады.





