ШӘКӘРІМ ӨЛЕҢДЕРІНДЕГІ АДАМГЕРШІЛІК, АР-ИМАН ТАҚЫРЫБЫ

Автор(лар)

  • К.С. Курмамбаева НАО «Университет имени Шакарима города Семей»

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.026

Кілт сөздер:

Шәкәрім Құдайбердіұлы, Абай Құнанбаев, философия, адамдық, адамгершілік, ар-ождан, «Ар-намыс кодексі», адамилық

Аннотация

Мақаланың мақсаты – бүкіл әлемге әйгілі қазақтың ұлы ақыны, жазушысы, философы Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылық мұрасы негізінде қай кезеңде болмасын өзекті болып саналатын адамгершілік пен гуманизм тақырыптарын талдау. Ғылыми жұмыстың негізгі идеясы – оның дана тәлімгерлердің ілімдерін мақсатты түрде білу арқылы келген рухани ізденістерінің, сенімдерінің, азапты ойларының, қиналыстарының мәнін ашу.

Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы – мақалада Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығына негізделген көркем шығармалардағы «ар-ождан», «ар-ождан туралы ғылым», «ар-ождан кодексі» ұғымдарының жан-жақтылығы талданады.

Зерттеудің әдіснамалық негізі Л.Н.Толстой, А.Құнанбаев, Ш.Құдайбердиев, Б.Ракымжанов, А.Омаров, Т.Жұртбай, Б.Ердембеков, К.Досай, Т.Шаңбай және тағы басқа да әдебиеттанушы ғалымдардың философиялық және әдеби зерттеу еңбектері болды.

Зерттеу жұмысының негізгі нәтижесі – берілген тақырып аясында жүргізілген сыни талдау барысында саяси-әлеуметтік орта ақынның дүниетанымын берік қалыптастырғаны анықталды, өйткені егер өз елінде бәрі жақсы болса, ақынның жаны үмітсіздікке ұшырамайтын еді деген байлам жасалды.

Ұлт-азаттық қозғалыс басталған дәуірде сенім мен адамзат қағидаттарына адалдық қоғамның прогрессивті дамуының қозғаушы күшіне айналады.

Туған халқына деген жанашырлық Шәкәрім Құдайбердіұлын өзінің туған еліне лайықты ұл, көрнекті ақын-ойшыл, адамдар мен қоғамның игілігі үшін ғұмырын арнаған уағызшы дәрежесіне жеткізді.

Зерттеу барысында көркем, публицистикалық және ғылыми мәтіндерді теориялық талдау, жүйелеу, жалпылау, тұжырымдау, салыстырмалы талдау әдістері қолданылды.

Жұмыс қорытындыларының практикалық маңыздылығы – бұл мақала жоғары оқу орындарындағы әдебиеттану пәндерінің циклі бойынша дәрістер мен семинарларға дайындық кезінде қосымша оқу материалы ретінде пайдаланылуы мүмкін.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-28

Жоба

Раздел

Статьи