АУДАРМАТАНУ ОҚУЛЫҒЫН ЖАСАУ ТӘЖІРИБЕСІНЕН

Автор(лар)

  • А.К. Жумабекова КазНПУ им.Абая

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2023.70.3.021

Кілт сөздер:

аударматану, оқулық, «Аударма ісі» мамандығы, аударма құзыреттілігі, қазақ тілі, үштілділік, аударма сапасын бағалау, ғылыми және оқу салалары

Аннотация

Мақалада автордың қазақ тіліндегі аударматану оқулығын жасау тәжірибесі сипатталған, оның өзектілігі еліміздің жоғары оқу орындарында «Аударма ісі» мамандығы бойынша оқу үдерісі мемлекеттік тілде оқу-әдістемелік қамтамасыз етілмеуіне байланысты. Барлық материалдар автордың Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің филология факультетінің аударма бөлімінің студенттеріне, магистранттарына және докторанттарына аударма пәндерін оқыту барысында көп жылдар бойы сынамадан өткен.

Бұл оқулықтың негізгі мақсаты – болашақ аудармашының кәсіби құзыреттілігін, атап айтқанда оның құрамдас бөліктері: коммуникативті, арнайы, стратегиялық, әлеуметтік және жеке құзыреттіліктерін қалыптастыру болып табылды. Сонымен қатар, оқулықтың жаңашылдығы – ана (қазақ) тілінде негізделген үштілділік идеясын теориялық және практикалық материалды игеруде жүзеге асыру.

Қазақ аударматану ғылымында алғаш рет аударма ғылымының негізгі ұғымдары оқулықта жүйелі түрде төмендегі тәртіппен берілген: « Аударматану ғылым ретінде» (1-тарау), « Аудармашылық іс-әрекеттің типологиясы » (2-тарау), «Аударма баламалылығы» (3-тарау), «Аударма прагматикасы» (4-тарау), «Аударма үдерісі» (5-тарау), «Аудармашыларды даярлау» (6-тарау), « Отандық және шетелдік аударматану» (7-тарау).

Оқулықтың мазмұнында автордың аударма теориясы, практикасы және әдістемесі салаларындағы көп жылғы ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері, талдаулары мен тұжырымдары көрініс тапқан. Олар мәтіндік материалдарда, сонымен қатар сызбалар мен кестелерде топтастырылған.

Әр тараудан кейін оқушылардың танымдық қызығушылығын, логикалық ойлауын, шығармашылық белсенділігін дамытуға арналған өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар, тесттер, сонымен қатар өзіндік жұмысқа арналған тапсырмалар берілген. Тапсырмалар ретінде күрделілігі мен сипаты әртүрлі мәтіндер (репродуктивтіден бастап шығармашылыққа дейін) таңдалды. Соңында аударма терминдерінің авторлық глоссарийі үш тілдегі – қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі – баламаларымен берілген.

Осылайша, оқулықта жүйелі-әрекеттілік, құзыреттілік және тұлғаға бағытталған бағыттар/ тәсідер жүзеге асырылды.

Жұмыс нәтижелерінің үлкен практикалық маңыздылығы оқулықтың қолданушылардың кең ауқымына: студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сонымен қатар аударма пәнінің оқытушыларына, аудармашы-практиктерге бағытталғандығында.

Жүктеулер

Жарияланған

2023-09-29

Жоба

Раздел

Статьи