ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ ЗООФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ АУДАРМАДАҒЫ КӨРІНІСІ (І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романы, қазақ, орыс, ағылшын тілдері негізінде)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.3.74.023Кілт сөздер:
фразеологизм, этномәдени фразеологизмдер, фразеологиялық аналог, қатыстық фразеологиялық эквивалент, толық фразеологиялық эквивалент, калька аударма, сипаттама аударма, зоофразеологизмАннотация
Бұл мақалада қазақ тіліндегі зоофразеологизмдердің аударылу мәселелері қарастырылған. Аударма мәселесі тіл біліміндегі өзекті де күрделі мәселелердің қатарында, оның ішінде фразеологиялық бірліктерді аудару қызықты да, арнайы шығармашылықты қажет ететін мәселелердің бірі. Аудармашы үшін ұлттық сипаттағы фразеологизмдердің ұлттық-мәдени бояуларынының танымдық сипатын анықтаудың өзі күрделі мәселе боп табылады, ал осы сипаттағы фразеологизмдердің басқа ұлт тіліне аудару, ұлттық ерекшеліктерді толыққанды жаткізу тіпті күрделі мәселелердің қатарында. Сондықтан аталған мақаланың өзектілігі мен маңыздылығы осы мәселелермен астасады және маңызды міндеттердің бірі болып есептеледі. Этномәдени сипаттағы фразеологизмдер айна қатесіз екінші ұлттық тілінде қайталанбайды, сондықтан олар аударма сөздіктерінде де кездеспейді. Сондықтан белгілі бір ұлттың тұрмыс-тіршілігін, мәдениеті мен танымын, болмысын сипаттайтын этномәдени сипаттағы фразеологизмдердің аударылу жолдарын анықтау, оларға талдау жасау аталған мақаланың жаңалығы болып табылады. Аталған мақаланың маңыздылығы белгілі бір ұлтқа тән фразеологиялық бірліктердің аударылу жолдарына талдау жасау арқылы, сәтті және сәтсіз аудармаларды анықтау арқылы, дұрыс жолдарын нақтылау, сол арқылы белгілі бір ғылыми тұжырымдарға келу. Осыған байланысты аталған фразеологизмдерді екінші тілге толыққанды жеткізу проблемалары осы мақаланың өзектілігі болып табылады.
Берілген мақалада І.Есенберлиннің «Көшпенділер» романының негізінде қазақ тіліндегі этномәдени фразеологизмдердің орыс, ағылшын тілдеріне аударылу жолдары салыстырылып, талдау жүргізіледі. Аудару барысында қазақ тіліндегі зоофразеологизмдерді негізгі материал ретінде қолдана отырып, олардың орыс, ағылшын тілдеріне аударылу жолдарына (салғастырмалы-салыстырмалы әдістер, түсіндірме әдістері) толық анализ жасалады. Мақаланың ғылыми-практикалық маңыздылығы – аталған мақала нәтижелерін ЖОО-ларда оқытылатын «Лексикология», «Фразеология», «Аударманың теориясы мен практикасы» курстарында, фразеологизмдерді ұлт мәдениетімен байланыстыра зерттеуді қажет ететін «Лингвомәдениеттану», шығармалар тілдеріне талдау жасауды меңгертетін «Көркем мәтінге лингвистикалық талдау» пәндеріне материал ретінде кеңінен пайдалануға болады. Сонымен бірге аударма сөздіктерін даярлау барысында қолдануға болады.