ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ МАЗМҰНЫ АЯСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫС ОРНАТУ

Автор(лар)

  • Жумабаева З.Е., Амирханова Б.О

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2021.63.4.014

Кілт сөздер:

жаңартылған білім мазмұны, пәнаралық байланыс, үдеріс, бастауыш сынып, оқу материалдары

Аннотация

Бұл мaқaлaдa жaңaртылғaн білім мaзмұны аясында бастауыш мектепте пәнаралық байланысты жүзеге асырудың педагогикалық шарттары  қaрaстырылaды. Оқушының білімін дaмытaтынпәндерді кіріктіру мәселесі жaлпылaмa түрде көрсетіледі. Бастауыш мектептегі  пәнаралық байланыс білім мaзмұнындa оқушыны жaн-жaқты дaмытудa мaңызды орын aлғaндықтaн, мaқaлaның негізгі нысaны ретінде пәндерді кіріктіру жаңартылған тұрғыдан қaрaстырылғaн.

Авторлардың пікіріңше, білімдендіру мен білімдену, тілді оқыту мен оқу сыңды үдерістер жан-жақты талқыланып қана қоймай, бірден шешіліп те жатыр. Көптеген «институттардың» оқыту бағдарламаларының жаңартылуы, мектептердегі жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларының негізгі қағидалары Білім және ғылым министрлігінің нұсқаулықтарымен білім беру мекемелерінде үш тілдің (қазақ тілі – екінші тіл – үшінші тіл; қазақ - ағылшын тілдері) оқытлуы және т.б. іс-шаралар а

Бүгінгі жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі – ғылымның, мәдениеттің, дүниені ақиқаттықпен шындық тұрғысынан танудағы ғылыми танымдық үдерісінің жаңа сапалық деңгейімен қатар, ғылыми техниканың қарқынды даму деңгейіне сәйкес келуін талап ететіні.

Пәнаралық байланыс – түрлі пәндердің оқу материалдары арасындағы өзара байланыстылығында, оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес берілетін білім мазмұнының жүйесін анықтау шарты және білім беру мен оқыту әрі оқу іс-әрекетін ұйымдастыру мен жүзеге асырудың талабы болып табылады.

Пәнаралық байланыс негізінде бастауыштағы берілетін білімдер бір салаға енетін пәндер жиынтығын және бір пәннің артықшылығы негізінде құрылған.

Білім беру кеңістігінде оқушы қазіргі ғылымның әртүрлі салаларының даму деңгейінде алған білімін игеретіні анықталды. Білім берудің бастапқы кезеңінде қарастырылатын оқу материалдарының мазмұны болашақта жалпыға міндетті орта білім берудің негізі және болашақта кез келген мамандықты меңгеру мүмкіндігінің өзегі болып табылады. Бастауыш білім берудің жаңартылған мазмұны басқа ұрпақтармен қарым-қатынас жасаудың ғана емес, ең алдымен оқушы тұлғасын қалыптастырудың құнды негізі екені анықталды.

Зерттеу нәтижелерін бастауыш білім беруді оқыту әдістемесінде пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2021-12-30

Жоба

Раздел

Статьи