У. ШЕКСПИРДІҢ 1 СОНЕТІНІҢ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРМАСЫ

Автор(лар)

  • Г.А. Хасенова ЕНУ им. Л.Н.Гумилева

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.017

Кілт сөздер:

жанама аударма, салыстырмалы әдіс, метрикалық тармақ, рифма схемасы, сөзойнатым, қарама-қарсы бейнелер, метафоралық тіл, көркемдік тәсілдер

Аннотация

Уильям Шекспир сонеттерінің барлығын аударып, оның толық қазақша нұсқасын оқырмандарына ұсынған тұңғыш ақын – Хамит Ерғалиев. У. Шекспирдің сонеттері оның басқа да шығармалары сияқты қазақ тіліне жанама аударма арқылы аударылды, бұл шығармасы да орыс тілінен қазақ тіліне аударылған.

Бұл мақалада Сонет 1 қарастырылып, оның үш нұсқасы ұсынылатын болады: У.Шекспирдің ағылшын тіліндегі түпнұсқасы, Самуэль Маршактың орыс тіліндегі нұсқасы және Хамит Ерғалиевтің аудармасындағы қазақ тіліндегі нұсқасы.

Бұл зерттеудің мақсаты – Сонет 1-дің барлық үш нұсқасын егжей-тегжейлі талдау болып табылады. Мақала нұсқалар арасындағы айырмашылықтар мен ұқсастықтарды, сондай-ақ әр жазушының ерекшеліктерін анықтауға бағытталған. Бұл ғылыми жұмыстың идеясы – Сонет 1-тің үш нұсқасын олардың формасы мен құрылымы, және сондай-ақ метафоралық тілдің берілуі бойынша салыстыру. Бұл жұмыстың ғылыми маңыздылығы Х.Ерғалиев аудармасындағы Сонет 1-дің жеткіліксіз зерттелуінде. Зерттеудің практикалық маңыздылығы ұсынылған деректердің студенттер, магистранттар және докторанттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарына пайдалы болуымен айқындалады.

Зерттеу барысында талдау және синтез әдістері, сондай-ақ маңызды сәттерді бөліп көрсету үшін сұрыптау әдісі қолданылды. Салыстырмалы әдіс бұл зерттеуде іргелі болды, өйткені оны пайдалану алынған нәтижелерге әкелді. Көрсетілген әдістер У.Шекспирдің Сонет 1 түпнұсқасы мен оның С. Маршак аударған орыс тіліндегі және Х. Ерғалиев аударған қазақ тіліндегі нұсқаларының арасында әртүрлі айырмашылықтардың бар екендігі туралы егжей-тегжейлі қорытынды жасауға мүмкіндік берді. Бұл жұмыс сонеттердің аударма нұсқаларын талдау бойынша одан әрі жұмыс істеуге ықпал ете алады, және олардың аударма тілінде жоғары сапалы меңгерілуін қамтамасыз ете алады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи