ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫРҒЫЗ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ТІЛДІК-МӘДЕНИ КӨРІНІСІ ЖӘНЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Рахимова Д. Б. Евразийский национальный университет имени Л.Н.Гумилева
  • Садыков Т. С.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.013

Кілт сөздер:

қазақ тілі, қырғыз тілі, лингвомәдениеттаным, салыстырмалы тіл білімі, туыстық атаулар, бауыр, өгей, таға

Аннотация

Мақала қазақ және қырғыз тілдеріндегі туыстық қатынасты тілдік-мәдени тұрғыдан талдап, салыстыруға арналған. Туыстық терминология – ең көне лексикалық қордың бөлігі, тарихының күрделілігі жағынан да тілдің лексикалық құрамында айрықша орын алады. Туыстық атаулар – өз қолданушысының, яғни ұлттық мәдениеті, тарихын, әлеуметтік орнын, адамдармен қарым-қатынасын өз бойына сіңіріп, жылдар бойы ұрпақтан ұрпаққа сөздік қор ретінде жатталып, сіңіріліп отыратын ерекше мәдени қазына. Жұмыстың ғылыми және практикалық маңыздылығы туыстық терминдердің осы қызметінде жатыр. Қазақ тілі мен қырғыз тілі антропонимиконында әл күнге дейін жетерлік деңгейде зерттелмеген жеке есімдер, тек, лақап аттары, туыстық атаулар қатары мол. Бұл мәселе де осы бағытта материалдар жинақтау, жүйелеу, түрлі анықтамалар шығару және сөздіктердің шығарылу өзектілігі мен тарихы терең туыстық атаулардың, оның ішінде актив-пассив қордың зерттелу қажеттілігін көрсетеді. Зерттеудің жаңашылдығына тарихи зерттеу және әдеби еңбектерде бір атаумен «Киргизы» деп аталған қазақ және қырғыз лингвомәдени ортасының айырмашылықтарын терминдер арқылы қарастырылуын жатқызамыз. Осыған орай мақаланың мақсаты да – қазақ және қырғыз тілдеріндегі туыстық атауларды талдап, екі тілдегі туыстық терминдердің қолданылу және тілдік-мәдени ерекшеліктерін анықтау. Материал ретінде қос тілдегі сөздіктер мен осы күнге дейінгі зерттеулер қолға алынды. Сондай-ақ зерттеу жұмысында жинақтау, сипаттау, салыстыру және талдау әдістері қолданылды. Жұмыс нәтижесінде қырғыз және қазақ тілдеріндегі туыстық қарым-қатынастың тілдегі көрінісі талданып, ерекшеліктері мен ортақтықтары айқындалды. Жұмыс нәтижелері бұдан кейінгі де түркі тілдерін зерттеу жұмыстарына, әсіресе туыстық терминдерді талдау, сөздіктер шығару, т.б. лингвомәдениеттанымдық, лингвистикалық бағытта мақалаларға дереккөзі бола алады. 

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles