САЯСИ СҰХБАТТАҒЫ АЙЫПТАУ КОММУНИКАТИВТІ СТРАТЕГИЯСЫН ҚОЛДАНУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Нурмаганбетова A.A. Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • Монгилева Н.В.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.012

Кілт сөздер:

саяси сұхбат, бағалаушы мәлімдеме, сынау, коммуникативтік стратегиясы, коммуникативтік тактикасы, бастаушы реплика, сөйлеу әсері, коммуникативті мақсат

Аннотация

Мақалада АҚШ президенті Джо Байденмен сұхбат негізінде саяси коммуникациядағы айыптау коммуникативті стратегиясы талданады. Интервьюердің иницииативтік сөйлеу сөзіндегі айыптаудың коммуникативтік стратегиясын зерттеу үлкен зерттеушілік қызығушылық тудырады және коммуникацияға қатысушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін көрсетуге мүмкіндік береді. Зерттеудің мақсаты интервьюердің сөзінде айыптауды жүзеге асыратын коммуникативті тактикаларын жүйелеу болып табылады. Журналисттің осы мақсатын жүзеге асырушы коммуникативті сөйлеу стратегияларын анықтау қарым-қатынасқа қатысушылардың мінез-құлық ерекшеліктерін және жалпы саяси сұхбат жанрының ерекшеліктерін ашады. Мақаланың міндеті: саяси сұхбат, айыптау стратегиясы, айыптау тактикасы ұғымдарын нақтылау.

Зерттеу нәтижелері саяси мәтіндердегі бағалаушы мәлімдемелерді зерттеуге қосылған үлес болып табылады. Мақалада контекстік, компоненттік және прагмалингвистикалық талдау әдістері қолданылады. Талдау көрсеткендей, сөгіс, кінәлау, ирония және салыстыру тактикалары саяси сұхбатта айыптауды жүзеге асырады. Практикалық материал сұхбат берушінің коммуникативті мақсатына жету үшін лексика-семантикалық және синтаксистік деңгейде сөйлеу құралдарын стратегиялық қолдануды көрсетеді. Экспрессивті-бағалаушы зат есімдердің, сын есімдердің және болымсыз мағыналы етістіктердің қолданылуын атап өткен жөн. Сонымен қатар, қайталаулар мен синтаксистік параллелизм жиі айыптауды күшейту үшін қолданылады. Риторикалық сұрақ синтаксистік деңгейде ерекше рөл атқарады, бұл адресатқа әсер етудің тиімді тәсілдерінің бірі. Айыптау арқылы журналист сынап, сұхбат берушінің саяси ұстанымын нақтылайды. Зерттеудің негізгі қорытындыларын саяси коммуникациядағы бағалаушы мәлімдемелерді зерттеу саласындағы еңбектер үшін  пайдалану басты практикалық құндылық болып табылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2024-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles