АРАБ ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ТАНЫМЫНДАҒЫ «СУ» ҰҒЫМЫНЫҢ ТІЛДІК КӨРІНІСІ

Автор(лар)

  • Мухитдинов Р.С. Нур-Мубарак Египет ислам мәдениеті университеті
  • Кожабекова Ш.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.73.2.010

Кілт сөздер:

су, тіл, түбір, дүниетаным, халық, мақал-мәтелдер, ұлттық дүниетаным, фразологизм, аударма

Аннотация

Су ұғымы адамзат баласынының пайда болған заманынан бастау  алғандықтан, бүгінгі араб және қазақ тілінің ауызекі, жазба әдебиетінде кездесетiн жүздеген тұрақты тіркестерi мен атауларының ең байырғы әрi құнарлы құрамы болып табылады. Қай кезеңде болмасын,  араб поэзия тілінде су ұғымы өзіндік нақышпен ерекшеленеді. Сахара шөлінде орналасқан араб халқының Исламға дейінгі өмірі су тапшылығының әсерінен қиыншылық пен қатігездікпен сипатталды. Жаһилия (Исламға дейінгі) заманындағы араб халқының өмір сүру салты су мен жасыл жайлау (жайылым) іздеп, бір жерден екінші жерге көшіп қонуымен танымал. Сол себепті араб тілінде суды қасиетті санау,  оған деген махаббат пен құрметтің қалыптасуы  кездейсоқ емес. Зерттеуде суға қатысты келген араб тіліндегі тіркестерді қазақ тіліндегі тіркестермен, сөзден туындаған етістіктермен салғасытыра зерттеу мақсат тұтылды. Тiлде белгiлi бiр ұлттық код жасырынған десек, жекелеген концептiлердi зерттеу арқылы сол ұғымның ұлт үшiн маңызын айқындауға болады. Сондықтан бұл мақалада араб танымындағы «الماء» (су)  ұғымының тiлдiк бiрлiктерін жинақтап, оның қазақ менталитетіне тән «су» концептісіне қатысты фразеологиялық сөз оралымдарымен салғастыра талдау жасай отырып, араб және қазақ тілдеріндегі «الماء су»  ұғымының тілдегі көрінісін айқындау арқылы екі тілдегі  сөз өнерінің басым көпшілігі сол халықтың тұрмыс салты мен  күнделікті тіршілігі, діні мен сеніміне байланысты туындағанының куәсі боламыз. Сол себепті қарастырып отырған екі халық тіліндегі ортақтық пен іргелестік тамырын қос халықтың ұқсас көшпенді өмір салтынан, діни дүниетанымынан іздейміз. Зерттеу нәтижелерін араб  және қазақ тілін салғастыра зерттеушілер, аудармашылар пайданалады.  

Жүктеулер

Жарияланған

2024-06-27

Жоба

Раздел

Статьи