АБАЙ ӨЛЕҢДЕРІНІҢ АУДАРМАДАҒЫ МЕТРОРИТМИКАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ СӘЙКЕСТІГІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2024.4.75.023Кілт сөздер:
поэзия аудармасы, метроритмикалық құрылым, рифма, ритақты сурет, семантика, коммуникациялық интенция, реципиент, түпнұсқаАннотация
Мақалада Абай Құнанбайұлының өлеңдерінің орыс және ағылшын тілдеріне аудармаларындағы метроритмикалық құрылымның сәйкестігі жан-жақты зерттеледі. Поэтикалық аударманың басты ерекшелігі — оның формалық еркіндігі мен аудармашының мағынаны дұрыс жеткізу қажеттілігі. Сонымен қатар, аудармада көркемдік мәнер, рифма және әуеннің сақталуы аудармашы үшін үлкен сын болып табылады. Мақалада поэтикалық аударманың көркем аудармадан айырмашылығы, әсіресе әр сөзге үлкен семантикалық және стилистикалық жүктеме түсетіндігі талқыланады.Зерттеу мақсаты — Абайдың "Ғылым таппай мақтанба" өлеңінің орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларын салыстырмалы талдау арқылы түпнұсқа мен аудармалар арасындағы метроритмикалық және семантикалық ұқсастықтарды анықтау және олардың қалай жеткізілгенін көрсету. Бұл мақсатқа жету үшін, бастапқы және аударылған мәтіндер арасындағы ритм, рифма және семантикалық-стилистикалық сәйкестікті талдау әдістері қолданылды. Зерттеу барысында орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалардың әртүрлі ерекшеліктері айқындалып, олардың түпнұсқаға жақындық деңгейі бағаланды.Теориялық талдау аудармалардың ритмикалық құрылымы мен семантикалық үйлесімділігі, сондай-ақ олардың оқырманға әсері жөнінде түсінік береді. Орыс тіліндегі аудармаларда түпнұсқаға жақындық деңгейі жоғары болып, ритм мен рифма жақсы сақталғаны анықталды. Ағылшын тіліндегі аудармаларда верлибр (еркін өлең жолдары) көп қолданылып, ритмикалық құрылым біршама өзгеріске ұшырағанымен, мағыналық жүктемені жеткізу сақталған. Практикалық тұрғыдан алғанда, талдау нәтижелері аудармашылардың лексикалық таңдауында мұқияттылық танытып, түпнұсқаның негізгі идеясы мен эмоционалдық әсерін сақтау үшін стилістикалық тәсілдерді дұрыс пайдаланғанын көрсетеді. Аудармашылардың түпнұсқа мен аудармалар арасындағы тепе-теңдікті сақтай отырып, оқырманға қажетті әсерді жеткізе алғаны дәлелденді.