ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ ЛИРИКАСЫНДАҒЫ «ҚУАНЫШ» ЖӘНЕ «МҰҢ» КОНЦЕПТІЛЕРІНІҢ ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.010Кілт сөздер:
халық лирикасы, фольклор, болмыс, концепт, фрейм, тіл, дүниетаным, халық, қуаныш, ұғымАннотация
Мақалада қазақ халық лирикасы мәтіндегі концептуалдық құрылымдардың когнитивті сипаты қарастырылады. Когнитивті лингвистика тіл арқылы қоғамдық құбылыстар мен дүниені танып білудің танымдық-теориялық негіздерін қалыптастырады. Мақаламыз қазақ халқының ұлттық дүниетанымы үшін маңызды ұғымдардың бірі – қуаныш және мұң контрасты концептілері талдауға арналған. Талдау нысанына «Бабалар сөзі» жинағына енген тарихи жырлар, қара өлеңдер, ғашықтық дастандар алынды. Қуаныш және мұң ұғымдарына қазақ тілінің түсіндірмелі сөздіктерінен түсініктемелер беріліп, мән-мағынасы ашылды.
Ғылыми зерттеудің мақсаты қазақ халық лирикасы тіліндегі қуаныш пен мұң концептілерінің көрінісін ашу. Фольклорлық мәтіндердегі қуаныш пен мұң тілдік бірліктерінің когнитивті сипатын аша отырып, халықтың ақиқат дүние туралы көзқарасы, мәдени танымы мен тұрмыс-тіршілігімен байланысты тілдік деректерген қол жеткізе аламыз. Негізгі бағыттары қазақ халық лирикасы тіліндегі қуаныш пен мұң концептілеріне талдау жасау барысында сол дәуірдегі халықтың тұрмыс-тіршілігін, болмысын, мәдениетін тану.
Зерттеу барысында талдау, сипаттау, салыстырмалы, тұжырымдау әдістері қолданылды. Нәтижесінде қазақ халық лирикасы тілі мұқият талдауға, фольклорлық шығармалар тілінде кездесетін қуаныш және мұң концептілерінің мағынасын ашатын фреймдер, ойсурет, сценарийлік және схемалық құрылымдар жинақталып, талдаулар жүргізуге септігін тигізді. Жұмысымызда алғаш рет қазақ халық лирикасындағы қуаныш пен мұң концептілерінің танымдық сипаты айқындалып, тілдік бірліктерге концептілік талдау жасалынды. Жұмыстың тұжырымдары мен нәтижелері жоғары оқу орындарындағы өтілетін Стилистика және тіл мәдениеті, Когнитивтік лингвистика, Тіл білімінің жаңа бағыттары пәндерінің теориясын толықтыруға өз үлесін қосады.
Зерттеудің ғылыми құндылығы зерттеу нәтижелерін бағалау теориясын одан әрі тереңдетілген талдауға белгілі бір үлес қоса алатынымен айқындалды.
Мақаланың практикалық негізі когнитивтік лингвистика, лингвомәдениеттаным, этнолингвистика сияқты тіл білімінің жаңа бағыттарына қосылған үлес болып табылады деген ойдамыз. Мақаладағы концептілік талдауларды қазақ фольклортануына қатысты арнайы семинарларда пайдалануға болады.