НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТЕРМИНДЕРДІ АУДАРУ МӘСЕЛЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.032Кілт сөздер:
нейролингвистика, терминология, медицина, аударма, ми, тілдің бұзылуы, нейробілім, сөзАннотация
Бұл мақалада қазіргі тіл білімінің жаңа әрі өзекті бағыттарының бірі ретінде қалыптасып келе жатқан нейролингвистиканың негізгі терминдерін қазақ тіліне аудару мәселесі қарастырылады. Нейролингвистика – ми мен тіл арасындағы өзара байланысты зерттейтін пәнаралық ғылым саласы. Дегенмен, қазақ тілінде осы бағытқа қатысты ғылыми еңбектер, зерттеулер мен оқулықтар саны шектеулі. Қазақстанда нейролингвистика саласына арналған арнайы терминологиялық сөздіктердің аздығы салдарынан терминдерді жүйелі түрде аудару және бірізді қолдану өзекті мәселе болып отыр.
Осыған байланысты студенттер, зерттеушілер және көпшілік қауым үшін нейролингвистика саласының негізгі терминдері мен ұғымдарын қолжетімді әрі түсінікті түрде ұсыну қажеттілігі туындайды. Мақалада кеңінен қолданылатын негізгі терминдер іріктеліп, олардың қазақ тіліне аудармасы мен ғылыми түсіндірмелері беріледі. Сонымен қатар, терминдер мазмұндық тұрғыдан жіктеліп, аударма әдістері бойынша талданады.
Зерттеуде ғылыми терминологияны дәл әрі ұлттық тілдік жүйеге бейімдей отырып аудару мәселесіне назар аударылады. Автор аударма барысында мәдени ерекшеліктер мен ғылыми мағыналардың сәйкестігін сақтаудың маңызын айқындайды. Аударма процесінде контекстік талдау, жиілік әдісі, баламалы аударма тәсілі, ғылыми терминологиялық сөздіктерді пайдалану және сараптамалық бағалау әдістері қолданылған.
Мақала ғылыми аударма мәселелерімен айналысатын мамандарға, сондай-ақ жоғары оқу орындарының студенттері мен оқытушыларына арналған әдістемелік көмекші материал ретінде ұсынылады. Зерттеу нәтижелері тіл біліміндегі маңызды теориялық және практикалық мәселелерді шешуге өз үлесін қоса алады.