ҚАЗАҚ ТІЛІНІҢ БИЗНЕС ТЕРМИНЖҮЙЕСІНДЕГІ АНГЛИЦИЗМДЕРДІҢ ФУНКЦИОНАЛДЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

Автор(лар)

  • Жунусова А.С. Al-Farabi KAZNU
  • Айдарбек К.Ж.
  • Шильдебаева Л.К.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.008

Кілт сөздер:

англицизмдер, бизнес, кірме сөздер, терминжүйе, терминология, қызмет ету, бейімделу, бірізділік

Аннотация

Бұл мақалада қазақ тіліне жедел еніп жатқан англицизмдер зерттеу нысаны ретінде қарастырылады. Глобализация және әлемдік экономикамен интеграция жағдайында қазақ тіліндегі кірме сөздердің саны тұрақты түрде өсуде, сондықтан олардың жан-жақты зерттелуі өзекті қажеттілікке айналып отыр. Зерттеудің мақсаты – қазақ тілінің бизнес терминжүйесіндегі англицизмдердің функционалдық ерекшеліктерін талдау. Біздің алдымызда тұрған міндет – англицизмдердің Қазақстандағы бизнес, менеджмент және басқарушылық үдестеріндегі коммуникациялық тиімділікке ықпалын анықтау.

Мақалада англицизмдердің жасалу тәсілдері мен бейімделу деңгейлеріне қарай жіктелуі ұсынылады. Сонымен қатар, ағылшын қысқартуларының лексикалық-семантикалық ерекшеліктері мен олардың қазақ тіліндегі баламалары көрсетілген. Қазақ тіліндегі англицизмдер кәсіби коммуникацияда маңызды рөл атқарып, номинативтік және идентификациялық функцияларды қатар орындайды. Бұл олардың әлеуметтік және кәсіби маңыздылығын айқындайды. Зерттеудің өзектілігі Қазақстандағы бизнестің белсенді дамуымен байланысты, бұл қазақ тіліндегі бизнес терминологиясындағы англицизмдерді дұрыс аудару, жүйелеу және терминологияның унификациясын зерттеуді талап етеді.

Кірме сөздердің көпшілігі бастапқы пішінін сақтап, қабылдаушы тілдің фонетикалық, грамматикалық және лексикалық ерекшеліктеріне бейімделеді, сондай-ақ,дефин

 бизнес қауымдастығы өкілдері үшін lingua franca қызметін атқарады. Қазақ тілінде олардың әртүрлі аударма нұсқаларының қатар өмір сүруі терминдерді стандарттауды қиындатады.

Бизнес терминологиясын тиімді дамыту үшін тіл нормаларына сүйеніп, терминдерді біріздендіріп, қазақ тілінің әлеуетін белсенді түрде пайдалану қажет. Қазақ лексикасына енген кірме сөздер көп жағдайда бастапқы пішінін сақтағанымен, қолданылу барысында ұлттық тіл стандарттарына бейімделеді. Осыған байланысты тіл мамандардың алдында терминдерді біріздендіру және оларды тілдің терминологиялық жүйелерінде логикалық ретке келтіру мәселесі туындайды. Мақалада қолданылған негізгі зерттеу әдістері – құрылымдық-семантикалық, салыстырмалы-салғастырмалы, лексикографиялық және дефинициялық талдаулар. Зерттеудің теоретикалық маңызы – англицизмдердің қазақ тілі бизнес терминологиясының жүйесіне ену және бейімделу механизмдері туралы білімдерді тереңдетуде. Зерттеудің практикалық маңызы – бизнес англицизмдеріне арналған сөздіктерді жасау, сондай-ақ қазақ тіліндегі кірме терминдерді стандартизациялау және бейімдеу бойынша ұсыныстарды әзірлеу мүмкіндігі.

.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles