АТТИЛА ЗАМАНЫНДАҒЫ САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР, АҢЫЗДАР МЕН СӨЗ ТІРКЕСТЕРІНІҢ ҚАЗАҚ ДҮНИЕТАНЫМЫМЕН БАЙЛАНЫСЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.017Кілт сөздер:
Аттила заманы, төл әдебиет, қазақ мәдениетінің деградациясы, салт-дәстүр, асық ойыны, Көк бөрі, Аттила дастаны, отқа табыну, бесікке бөлеу, Түркі мәдениетімен тоғысу, отаршылдық езгі, қазақ болмысыАннотация
Мақалада түркі халқының ата-тегі саналатын ғұн тайпасының ұлы көсемі Аттила өмір сүрген тұста кездескен қазақ дүниетанымына күні бүгінге дейін сақталып келген салт-дәстүрлер, жоралғылар, ойындар, сенім мен ауыз әдебиеті жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ, көне рим әдебиетімен қоса, қазақтың әдеби мұраларын тарихи-генетикалық әдебиеттану ғылымы мен ауыз әдебиеті негізінде байланыстырылады.
Мақаланың мақсаты мен бағыты – қазақ халқының кейбір сөздер, сөз тіркестер мен салт-дәстүрлердің шығу тарихын зерттеу арқылы негізімізді табу, тану. Гендік тұрғыда қанымызға сіңген болмыс пен әдет ғұрыптардың мәні ашылады. Қазақ мәдениеті тек 1917 жылы Қазан төңкерісінен кейін пайда болды деген Кеңестік стереотиптерді жоққа шығарып, құлдық санадан арылып, болашақты қалыптастыру – болашақ ұрпаққа жасалған инвестиция. Себебі өткенді түсінбей, түйін шығармай алға қарай даму болмақ емес. Біздің әдеби мұрамыз жаңа көзқарастағы зерттелуді қажет етеді.
Отаршылдық езгі, автолитарлы саясат қазақ болмысы мен шынайы бейнесінің эволюциясын тежеп, рухани дағдарысқа алып келді. Осының салдарынан, бағзы заманнан келе жатқан этногенетикалық тектілігінен, мәдениетінен айырылып қала жаздады. Сондықтан бұл зерттеудің басты идеясы - ұлы дала өркениеті мен әдебиетінің бастау көзі ежелгі сақ, ғұн кезеңінен пайда болып, қазіргі заманға дейін салтымызға айналып кеткен құндылықтарды фольклор мен археологиялық ескерткіштерге, жыр-аңыздарға, сөз тіркестерін талдау арқылы кейінгі ұрпаққа жеткізе білу. Әдебиет – халықтың болмысын сақтап тұрушы негізгі компоненттердің бірі. Басты назар Ғұн мен қазақтың әдеби дәстүрлерінің тоғысуына, сондай-ақ Аттиланың Қазақ ұлттық санасында түркі халқының атасы ретіндегі рөліне аударылады. Зерттеудің нәтижесі С.Өтениязовтың «Аттила және оның әлем әдебиетіндегі орны» монографиясы, Ө.Қалбайұлының «Алаңқай батыр» поэмасы, Ә. Марғұлан зерттеген әдеби мұралар мен экспедициядан табылған дүниелер арқылы тұжырымдама жасалынады. Сондай-ақ, қазақ даласында тараған Аттила туралы деректер мен жыраулар айтып кеткен ой-толғаулардың мағынасы айқындалады. Зерттеу салыстырмалы, мәдени-тарихи, жинақтау, қазақ әдебиетіндегі ежелгі жыр-аңыздарға шолу арқылы жүргізілді.
Зерттеудің жұмысында жүргізілген практикалық талдау – қазақ және түркі елдері әдебиеті мен мәдениеті, фольклорына, тарихына қатысты ғылым салаларына керекті дереккөз болып табылады.
Зерттеу жұмысының қорытындысы, яғни қазақ халқының әдебиеті мен тарихына терең бойлау, бір ғасырға жуық жаншылып, жұтылып келген мәдениетіміз бен салт-дәстүріміздің шығу тегін ақтару, оны қазіргі қазақ дүниетанымымен байланыстыру, ғұн дәуірінен келе жатқан сөздер мен сөз тіркестерді, ғұрыптарды іріктеп алу, талдау, мазмұндық ерекшеліктерін ашу – оның ғылыми және практикалық маңызын нақтылады.