МОРФОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМДАРДЫҢ НЕЙРОЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

  • Сембаева А.Г. Казахский национальный женский педагогический университет
  • Отарбекова Ж.К.
  • Ескермесова Г.А.
  • Сатбекова А.А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.3.78.021

Кілт сөздер:

нейролингвистика, морфология, нейрон, морфема, фонема, сигнал, жады, грамматика, семантика, декомпозиция, унификация, синтагма

Аннотация

Дәстүрлі лингвистикада тіл түрлі  деңгейлерден тұратын таңбалар жүйесі ретінде қарастырылады. Тіл білімінің морфология морфема және олардың түрлерін, жасалу жолдарын, грамматикалық мағынасын зерттейді. Фонемалардың мағынаға ие дербес тілдік бірліктерге бірігуі морфемаларды түзеді, ал сөз түрлендіру морфология саласында қарастырылады. Алайда мида тілдің ішкі ұйымдасуының өзі тілді тиімді қарым-қатынас құралы ретінде зерттеу жеткіліксіз екенін көрсетеді. Соңғы жылдарда ғалымдар жүргізген жасырын праймерге қатысты зерттеу (мінез-құлық және нейробейнелеу) деректері мидағы сөздерді визуалды тану жүйесі кез келген сөзді негізге және оны құрайтын морфемаларға автоматты түрде бөлшектейтінін анықтады. Алайда морфологияның басқа оқу, сөйлеу үдерістері мен тілдік қабаттарға тәуелділігі және олармен байланыстылығы (мысалы, емле және семантика), сондай-ақ оның негізінде жатқан нейрондық механизмдер әлі де толық зерттелген жоқ. Зерттеудің өзектілігі морфология сынды тілдегі сөздердің ішкі құрылымын мидың құрылымы мен қызметімен байланыстыра отырып, нейролингвистикалық тұрғыдан зерттеу қажеттілігімен байланысты. Жұмыстың  жаңалығы –  мидағы морфологиялық құбылыстардың қалыптасуы мен тілдік бірлікке айналу процесінің психолингвистикалық, нейролингвистикалық ерекшеліктерін айқындауға арналған. Mақаланың  мақсаты  морфологиялық құрылымдардың мида түзілу үдерісін, мида жүзеге асатын мыңдаған тілдік комбинациялардың нейрологиялық ерекшеліктерін зерттеп-зерделеуге бағытталған. Зерттеудің ғылыми маңыздылығы  морфологиялық бірліктердің нейролингвистикалық ерекшеліктерін, тілдің функционалдық икемділігі және оның ақпаратты қабылдаушы, өңдеуші және тасымалдаушы қызметтерін зерттеу тілді игерту, тілдік ақауларды түзету барысында теориялық та, практикалық та сұранысқа ие екендігінен көрінеді. Зерттеу барысында сипаттау, салыстыру, ассоциативтік әдіс, модельдеу әдістері қолданылды, алынған қорытындылар мен тұжырымдар шетелдік ғалымдар жүргізген  магниттік-энцефалографиялық тәжірибе әдістері арқылы дәйектелді. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – зерттеу тұжырымдары мен қорытындыларын нейролингвистика, психолингвистика және тіл теориясы салалары бойынша дәрістер оқуда, магистранттар мен докторанттарға теориялық материал ретінде қолдануға болатындығында.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-10-01

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles