РЕСЕЙДЕГІ ҚАЗАҚ ДИАСПОРАСЫНЫҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТІЛДІК ЖАҒДАЙЫ

Автор(лар)

  • Досова А.Т. Костанайский региональный университет имени А.Байтурсынова
  • Кусаинов Д.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.010

Кілт сөздер:

диаспора, қазақ диаспорасы, тіл, диаспоралық тілдік орта, әлеуметтік, мәдениет, билингвизм, гибридті сөйлеу

Аннотация

Мақаланың мақсаты – Ресей өңірлеріндегі қазақ диаспорасынан алынған қазақ тілі мен мәдениетіне қатысты материалдар мен мұраны ғылыми зерттеу. Мақалада қазақ диаспорасының мәдениеті мен тілінің сақталуына, дамуына ықпал ету жолдарын анықтауға басымдық берілді.

Мақалада қазақ диаспорасының ұлттық ерекшелігін айқындау, ұлттық мәдени байлықтарымыздың заманауи шет елдік мәдениетпен сіңісу себептері айқындалды. Диаспора және қазақ диаспорасы терминдері талданады.

Бұл мақалада Ресейдегі қазақтардың қазіргі жағдайы, олардың ана тілін, ұлттық дәстүрлерін сақтау мәселелері және диаспораның мәдени-әлеуметтік өмірі сипатталады. Мақалада қазақ диаспорасының ұлттық бірегейлікті сақтау жолдары мен болашақ даму бағыттары туралы ой қозғалады. Бұл зерттеу Қазақстан мен Ресей арасындағы этномәдени және әлеуметтік байланыстардың нығаюындағы диаспора рөлін ашуға бағытталған.

Зерттеу барысында қазақ диаспорасының тілдік жүйесінде байқалатын билингвизм, код ауыстыру, гибридті сөйлеу құбылыстары нақты тілдік деректер арқылы дәлелденеді. Ұлттық мәдени лексиканың (дәстүрлі киім атаулары) семантикалық және прагматикалық трансформациясы сипатталып, диаспоралық тілдік ортаның динамикалық моделі ұсынылады.

Мақалада Ресей мемлекетінде өмір сүріп жатқан қазақ халқы (диаспорасы) туралы ғылыми мақалалар мен журнал беттерінде басылып шыққан ақпараттар мен материалдарды зерттеу үшін салыстыру және сұрыптау әдістері қолданылды. Сұрыптау әдісі жинақталған материалдардың мақала тақырыбының ғылыми объектісіне қатыстылығы мен сәйкестігі тұрғысынан жүргізілді. Сұрыпталған ақпараттар мен фактілер негізінде теориялық болжамдар мен тұжырымдамаларға талдау жасалынды. Талдау әдісі кезінде ақпараттарды салыстыру мен қорытындылау жұмысы жасалынды. Аталған әдістердің жиынтығы Ресейдегі қазақ диаспорасының қазіргі тілдік және әлеуметтік жағдайын жан-жақты әрі объективті бағалауға негіз болды. 

Зерттеу нәтижесін жоғары оқу орындарында оқытылатын Әлеуметтік лингвистика,  Қазақ тілінің лексикологиясы пәндері бойынша тәжірибелік сабақтар мен өздік жұмыстарда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-03-31

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles