ҒЫЛЫМИ АУДАРМАДАҒЫ ӨЗЕКТІЛІК ТЕОРИЯСЫ: КОГНИТИВТІК-ПРАГМАТИКАЛЫҚ ТАЛДАУ АРҚЫЛЫ АРНАЙЫ ТЕРМИНОЛОГИЯНЫ ОҢТАЙЛАНДЫРУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.028Кілт сөздер:
өзектілік теориясы, ғылыми аударма, арнайы терминология, когнитивтік-прагматикалық тәсіл, контекстік бейімделу, корпустық талдау, терминологияны оңтайландыруАннотация
Ғылыми мәтіндерді аудару – дәлдікті ғана емес, сонымен қатар мақсатты аудиторияның ақпаратты қабылдауының когнитивтік және прагматикалық ерекшеліктерін ескеруді талап ететін күрделі процесс. Негізгі мәселелердің бірі – арнайы терминологияны, әсіресе полисемантикалық мағынасы мен концептуалды өзгермелілігі бар терминдерді аудару тілі мен қолданылу контекстіне байланысты әртүрлі түсіндіріледі.
Бұл зерттеудің мақсаты ғылыми терминологияны аударуда релевант теория тұжырымдамасын қолдануды, сондай-ақ когнитивтік және прагматикалық факторларды ескере отырып, ғылыми дискурсты бейімдеуді талдау болып табылады. Жұмыстың негізгі бағыттары оңтайлы сәйкестік стратегияларын, контекстік болжамдарды және терминдердің процедуралық мағынасын зерттеуді қамтиды. Әдістеме механика оқу құралыларындағы негізінде «shear stress» (ығысу кернеуі), «simple shear» (жай ығысу), «body force» (дене күші) және «earthquake waves» (жер сілкінісі толқындары) терминдерін мысалға ала отырып, когнитивтік-прагматикалық, корпустық және салыстырмалы талдауды қамтидық.
Зерттеу нәтижелерінің бірі, термин таңдау аудиторияның танымдық деңгейіне және аударма мақсатына байланысты екенін көрсетеді. Екіншісі, релевант теорияны пайдалану ғылыми сенімділік пен танымдық қолжетімділік арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ете отырып, аударманың дәлдігі мен оқылуын жақсартуға көмектеседі. Үшіншісі, талдау ғылыми дискурсты әртүрлі аудиториялардың (мамандар, студенттер, жалпы адамдарға) қабылдау ерекшеліктеріне бейімдеу ғылыми ақпаратты тиімдірек жеткізуге ықпал ететінін растайды.
Зерттеудің үлесі аудармашыларды даярлаудың әдістемелік базасын әзірлеу, терминологиялық ресурстарды құру және ғылыми-техникалық саладағы аударма стратегияларын жетілдіру болуы мүмкін. Жұмыстың практикалық маңыздылығы ғылыми аударманың сапасын арттыруда және оны оқу, лингвистикалық және инженерлік контексттерде қолдану мүмкіндігінен көрінеді.





