КӨРКЕМ МӘТІН – ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ АҚПАРАТ КӨЗІ ЖӘНЕ ОНЫ АУДАРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

Автор(лар)

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.029

Кілт сөздер:

көркем мәтін, ұлттық-мәдени ақпарат, мәдени маркер, экстралингвистикалық ақпарат, экспликация, генерализация, транслитерация, форенизация, доместикация

Аннотация

Мақалада көркем мәтін ұлттық-мәдени ақпаратты жеткізу құралы ретінде қарастырылып, оны аударудың ерекшеліктері талданады. Әдеби шығармалардағы мәдени компоненттердің маңыздылығы ерекше атап өтіліп, оларды аудару жөніндегі әдістемелік тәсілдер келтіріледі.

Зерттеудің мақсаты – көркем мәтінді ұлттық-мәдени ақпарат көзі ретінде қарастыру және оның мағыналық әрі стильдік ерекшеліктерін орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармаларда жеткізу барысында туындайтын негізгі қиындықтарды анықтау. Мақсатқа қол жеткізу барсында мынадай әдістер қолданылды: Семантикалық-стилистикалық талдау – түпнұсқа мен аударма мәтіндеріндегі лексикалық, бейнелі және стильдік ерекшеліктердің сәйкестігін зерттеу үшін; Салыстырмалы әдіс – орыс және ағылшын тілдеріндегі аудармалардың түпнұсқаға сәйкестігін талдау үшін; Контент-талдау – аударма барысында сақталған немесе жоғалған ұлттық-мәдени компоненттерді анықтау үшін.

Зерттеу нысаны ретінде қазақ жазушыларының романдары алынды, атап айтқанда:  Ә. Нұрпейісовтің “Ымырт”, С. Елубайдың “Ақ боз үй” және М. Жұмабаевтың «Шолпанның күнәсі»  шығармалары мен олардың орыс және ағылшын тілдеріне аудармалары.

Зерттеу нәтижелері аудармада, әсіресе орыс тілі арқылы аударылған ағылшын нұсқаларында, мәдени элементтердің едәуір дәрежеде жоғалатынын және түрленетінін көрсетеді. Сөзбе-сөз аударма көбінесе түпнұсқаның эмоциялық және символдық реңктерін жеткізе алмайды, ал бейімдеуші тәсілдер мәдени мағынаны сақтауда анағұрлым тиімді болып табылады.

Мақаланың теориялық маңыздылығы зерттеуде ұсынылған тұжырымдардың аударматану мен мәдениетаралық коммуникация салаларының дамуына үлес қосуымен, сондай-ақ көркем әдеби шығармаларды мәдени ерекшеліктерін ескере отырып аудару мәселелерін тереңірек зерттеуге негіз бола алатындығымен айқындалады. Зерттеудің практикалық маңыздылығы – көркем мәтінді аудару барысында мәдени ерекшеліктерді жеткізуге қатысты мәселелерді шешуде алынған нәтижелерді аудармашылардың кәсіби тәжірибесінде қолдану мүмкіндігінде.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles