ҚЫТАЙ ТІЛІНЕН ОРЫС ТІЛІНЕ СИНХРОНДЫ АУДАРМАДА КОГНИТИВТІК ЖҮКТЕМЕНІ АЗАЙТУ СТРАТЕГИЯСЫ РЕТІНДЕ ЭЛЛИПСИС ҚОЛДАНУ

Автор(лар)

  • Шарыпова А.С. КазНУ имени Аль-Фараби
  • Калибекулы Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.031

Кілт сөздер:

аударма, синхронды аударма, эллипсис, қарапайымдату, когнитивтік жүктеме, стратегиялар, тәсілдер, қалыпты түсіріп тастау

Аннотация

Жаһандану үдерісінің жеделдеуі мен халықаралық өзара әрекеттестіктің артуына байланысты, синхронды аударма — аудару жылдамдығы мен уақыты жағынан тиімділігіне орай — түрлі халықаралық және ұлттық деңгейдегі конференциялар мен іс-шараларда кеңінен қолданыла бастады.
        Алайда жоғары деңгейдегі іс-шаралардағы спикерлердің сөзі синхронды аудармашыларға қосымша когнитивтік жүктеме түсіретін бірқатар ерекшеліктерге ие. Біріншіден, сөйлеудің ақпараттық тығыздығы жоғары болады; екіншіден, арнайы терминология мен күрделі сөйлеу құрылымдары қолданылады. Әдетте, іс-шара деңгейі мен аудитория өкілдігі неғұрлым жоғары болса, спикерлер соғұрлым күрделі әрі аумақты сөйлемдер мен сөз тіркестерін қолданады. Бұл сөйлемдер күнделікті тілден едәуір ерекшеленіп, синхронды аудармашылар үшін ақпаратты түсіну, өңдеу және мақсатты тілге бейімдеуде белгілі бір қиындықтар тудырады.
        Бұл мақалада когнитивті-динамикалық жүктеме теориясы мен моделінің аясында синхронды аудармада эллипсис (қарапайымдату) тәсілін қолдану қарастырылады. Мақалада қытай-орыс тілдік жұбы мысалында бұл тәсілді қолданудың себептері мен тиімділігіне талдау жасалады. Зерттеудің басты мақсаты — синхронды аударма құбылысын эллипсис тәсілін қолдану тұрғысынан зерделеу, сондай-ақ қытай-орыс тілдік жұбы үшін осы бағыттағы болашақ зерттеулерге теориялық және әдіснамалық негіз қалыптастыру. Зерттеудің өзектілігі мен практикалық маңызы — бұл бағыттың әлі де аз зерттелуінде, сондай-ақ теориялық нәтижелерді аударма тәжірибесінде қолдану мүмкіндігінде.

Жүктеулер

Жарияланған

2025-12-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles