«ЕР АДАМ» ЛИНГВОМӘДЕНИ БІРЛІГІНІҢ ҚАЗАҚ, ОРЫС ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕ ӘЛЕМНІҢ ТІЛДІК БЕЙНЕСІНДЕГІ КӨРІНІСІ (МӘТЕЛ МЕН НАҒЫЛ СӨЗДЕР НЕГІЗІНДЕ)
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2025.4.79.008Кілт сөздер:
паремия, мақал-мәтелдер, этнос, тілдік сана, тілдік әлем бейнесі, лингвомәдениеттану, мәдениетаралық коммуникация, салыстырмалы типология, әлеуметтік рөлдерАннотация
Бұл мақалада әртүрлі этностардың тілдік санасында «ер адам» ұғымының бейнелену ерекшеліктері қарастырылады. Дәстүрлі қазақ, орыс және ағылшын халықтарының мақал-мәтелдерінде ер адамның рөлі басты орындардың бірін алады, бұл осы халықтардың мәдени және әлеуметтік нормаларын бейнелейді. Мақал-мәтелдерде ер адам көбінесе отбасының басшысы, қорғаушысы және асыраушысы, отбасының негізгі мүшесі ретінде сипатталады, ол жақындарының және елінің амандығы мен қауіпсіздігіне жауапты. Мақалада аталған халықтардың тілдік материалдары талданып, әсіресе даналық, батырлық және еңбекқорлық сияқты қасиеттерге ерекше назар аударылады.
Адамның әлемнің тілдік бейнесінде ер адам рөлінің мазмұнын зерттеу, салыстырмалы аспектіде тіл мен мәдениеттің өзара байланысы мәселесінде анықталып, көптеген мамандар үшін қызығушылық тудыратыны сөзсіз.
Зерттеу тақырыбының өзектілігі мен ғылыми жаңалығы – «ер адам» ұғымының тілдік бірліктердегі түсінігін қалыптастырудың салыстырмалы тұрғыда жеткіліксіз зерттелуінде, сондай-ақ қазақ, орыс және ағылшын халықтарының мақал-мәтелдерін этностардың әлемнің тілдік бейнесінің құрамдас бөлігі ретінде ұлттық ерекшеліктер тұрғысынан қарастыру қажеттілігінде болып отыр.
Осы мақаланың мақсаты — әртүрлі этностардың тілдік санасында мәдени контексті мақал-мәтелдер арқылы талдаудағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды көрсету. Бұл мақал-мәтелдер ұрпақтан ұрпаққа беріліп, ұлттық мәдениетке қайталанбас әрі баға жетпес үлес қосып келеді.
Мақаланың әдістемелік негізін осы мәселеге байланысты шетелдік және қазақстандық ғалымдардың теориялық еңбектері құрайды. Талдауға арналған тілдік материал лексикографиялық еңбектерден, көркем әдебиеттерден алынған. Мақалада сипаттамалық, салыстырмалы әдістер мен тілдік бірліктер семантикасына компоненттік талдау әдісі қолданылды.
Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы алынған нәтижелердің лингвомәдениеттану, елтанулық лингвистика, когнитивтік лингвистика, тілдердің салыстырмалы типологиясы сияқты интеграциялық лингвистикалық ғылымдар теориясын дамытуда қолданылуымен ерекшеленеді. Ал практикалық нәтижелер тілдерді оқыту үдерісінде, білім алушылардың ғылыми-зерттеу жұмыстарында пайдалануға болады.





