ЕТІС МАҒЫНАСЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАЛАР АРҚЫЛЫ КӨРІНУІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.019Кілт сөздер:
сабақты етіс, когнитивтік, функционалдық, валенттік, субъект, объект, морфология, категорияАннотация
Мақалада қазақ тіліндегі етіс категориясы тілдік жүйенің маңызды морфологиялық бірлігі ретінде қарастырылады. Етіс тұлғаларының құрылымы мен мағынасы тек морфологиялық деңгейде емес, сонымен қатар когнитивтік және функционалдық лингвистика талаптары тұрғысынан да жан-жақты талданады.
Мақаладағы ғылыми зерттеудің мақсаты – қазақ тіліндегі етіс тұлғаларының тілдік тұлғалар арқылы көрінуін, олардың синтаксистік, мағыналық және концептуалдық ерекшеліктерін анықтау. Мақалада сөйлеу актісі барысында субъект пен объект арасындағы қатынасты реттейтін грамматикалық тетіктер мен олардың қызметі сипатталады. Сонымен қатар, сөйлеушінің коммуникативтік ниеті мен рөлдік құрылымының етіс арқылы көрінуі де қарастырылады.
Зерттеудің ғылыми маңыздылығы – етіс категориясының дәстүрлі морфологиялық түсіндірмесінен шығып, оны когнитивтік-концептуалдық және прагматикалық қырынан қарастыруында.
Практикалық маңыздылығы – зерттеу нәтижелерінің тіл үйрету, аударма, дискурс талдауы мен жасанды интеллект жүйелерінде қолдану мүмкіндігінің жоғары болуында.
Мақалада сипаттамалы, құрылымдық және салыстырмалы әдістер кешенді түрде қолданылады. Сипаттамалы әдіс арқылы етіс тұлғаларының ішкі мағынасы мен функциясы ашылады. Құрылымдық тәсіл арқылы етіс тұлғаларының валенттік ерекшеліктері мен сөйлем құрылымындағы аргументтер жүйесі талданады. Салыстырмалы әдіс арқылы көне түркі тіліндегі және қазіргі қазақ тіліндегі тұлғалар арасындағы сабақтастық айқындалады.
Зерттеу барысында етіс мәселесін қарастырған Ахмет Байтұрсынұлы, Орынай Жұбаева, Анар Салқынбай, Жансейіт Түймебаев, сондай-ақ шетелдік лингвистер Фрэнсис Катамба, Джон Стонхам, Фернандо Зунига және Сеппо Киттила еңбектері негізінде қазақ тіліндегі етіс тұлғаларының әмбебап типологиялық сипаттамалары сараланады. Етіс арқылы субъект пен объект қатынасын бейнелеудің танымдық тетіктері нақты мысалдармен негізделеді.
Мақалада ұсынылған тұжырымдар қазақ тіл білімінде етіс категориясын жаңаша қырынан тануға мүмкіндік береді. Етіс категориясын морфологиялық деңгейде ғана емес, танымдық-концептуалдық және функционалдық деңгейде қарастыру қазақ тілінің типологиялық ерекшеліктерін анықтауға үлес қосады.





