ҚАЗАҚ ЖӘНЕ АҒЫЛШЫН ТІЛДЕРІНДЕГІ «БИЛІК» КОНЦЕПТІСІНІҢ ҒЫЛЫМИ БЕЙНЕСІ МЕН ОНЫҢ ҰЛТТЫҚ-МӘДЕНИ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЗЕРТТЕУ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.1.80.003Кілт сөздер:
концепт, перцептивті, когнитивті, этимологиялық, концептуалды талдаулар, ұлттық сана, ұлттық-мәдени ерекшелік, билік концептіАннотация
Концепт ұғымы, концепті талдау құрылымы әртүрлі тілдерде екі тілдің және мәдениеттің ерекшеліктерін есере отырып талданады. Саяси дискурс саласына жататын «билік», «power» концептілерінің жан жақты талданып, екі тілге тән ұлттық мәдени ерекшелігін ашу мақаламыздың негізін құрап отыр. Берілген мақалада бір-біріне туыс емес құрылымы әртүрлі қазақ және ағылшын тілдеріндегі «билік» концептісінің әр тілге тән ұлттық-мәдени ерекшелігі суреттеледі. Салыстырмалы-салғастырмалы әдіс көмегімен қазақ тіліндегі «билік» және ағылшын тіліндегі «power» концептілерінің ұқсас және айырым белгілері анықталады, концептуалды талдау жасалады. Қазақ тіліндегі «билік» және ағылшын тіліндегі «power» концептілерінің перцептивті, когнитивті және құндылық аспектілеріне талдау жасалып, олардың сипаттары ашып көрсетіледі. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі концептілердің көп қырларының ұқсас екендігі анықталды. Бақылау және үстемдік, күш пен ықпал, басқару сынды негізгі мағыналар бейнеленген «power» концептісі қазақ тіліндегі «билік» концептісінің ең жақын лексикалық баламасы екендігі айқындалды. Дегенменде екі тілдегі ұқсас концепті талдау барысында әр тілдің ерекшелігіне байланысты дәл сондай нақты балама мағыналар барлық жерде сәйкес келе бермейтініде айқындалады. Ағылшын және қазақ тілі екі бөлек тіл болғандықтан және екі түрлі тілдік ортаға жататындықтан «билік» концептісінің мағынасы, ұлттық мәдени ерекшелігі бар екені, тіпті қазақ тіліндегі ұғым ағылшын тілінде жоқ екені анықталды, керісінше ағылшын тіліндегі баламасы қазақ тілінде жоқ екені анықталды. «Билік» концептін талдау барысында нақты сөздіктерден, саяси тарихи мәтіндерден мысалдар мен олардың аудармасы сарапталды. Зерттеу нәтижелері ұлтаралық, сондай-ақ мәдениетаралық эксперименттер жүргізу барысында, концептуалдық талдаулар жасауда қолданыс таба алады. Аударма талдаударын ассоциациялық сөздіктерді, екі тілді сөздіктерді құрастыруға, жоғарғы оқу орындарындағы лингвомәдениеттану, когнитивті лингвистика, мәдениетаралық коммуникация секілді пәндерді оқыту тәжірибесінде қолдануға болады.





