АҒЫЛШЫН ЖӘНЕ ҚАЗАҚ ТІЛДЕРІНДЕГІ АС-СУ КОМПОНЕНТТІ ФРАЗЕОЛОГИЗМДЕРДІҢ САЛҒАСТЫРМАЛЫ СИПАТЫ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.003Кілт сөздер:
ас-су компонентті фразеологизмдер, фразеология, гастрономиялық фразеологизмдер, концепт, семантика, лингвомәдениеттану, когнитивтік лингвистика, салғастырмалы фразеологияАннотация
Қарастырылып отырған мақала ағылшын және қазақ тілдеріндегі ас-су компонентті фразеологиялық тіркестердің сипаты, ерекшеліктері мен семантикалық және тақырыптық талдауына арналған. Ғылыми зерттеудің мақсаты туыс емес екі тілдегі ас-су компонентті фразеологизмдердің ұқсас және айырым белгілерін анықтау, лингвомәдени сипатын жеткізу. Зерттеу міндеттері ас-су компоненті бар фразеологизмдердің жіктемесін қарастыру, ағылшын және қазақ тілдеріндегі осындай тұрақты тіркестердің ерекшеліктерін беру, бірқатар мысалдар негізінде талдау.
Фразеология саласы, жалпы фразеологиялық талдаулар ағылшын және қазақ тілінде көп зерттелген, көп қарастырылған тақырыптардың бірі бола тұра, нақты ас-су компонентті фразеологизмдерді зерттеген қомақты зерттеулер жоқтың қасы. Берілген мақалада авторлар екі тілдегі осындай фразеологизмдердің құрамында жиі кездесетін ас-су компоненттерін анықтап, олардың лингвомәдени көрінісін, берілу жиілігін нақтылап, екі лингвомәдениетке тән ерекшеліктерін талдайды.
Зерттеуде семантикалық, тақырыптық, құрылымдық және салғастырмалы лингвистикалық талдаулар жасалынды, екі тілдегі ас-су компонентті фразеологизмдерді сөздіктерден теріп алып, олардың мағынасы, жасалу жолдары мен когнитивтік, лингвомәдени сипаты қарастырылды. Сонымен қатар, ағылшын және қазақ тілдеріндегі жиі қолданылып жасалған негізгі тағам атауларының лингвомәдени, когнитивтік фразеологиялық концептік сипаты анықталды.
Зерттеудің нәтижесіне сай ағылшын және қазақ тілдеріндегі ас-су компоненттері қатыстырылып жасалған фразеологизмдер саны көп емес, мағынасы бойынша көбінесе адамның мінез-құлқы, іс-әрекеті мен мал табу, ақша табу мағынасында қолданылуы басым, ағылшын тілінде олардың қолданылуы ағылшындардың күнделікті өмірде ішіп жейтін ас-су түрлеріне байланысты жасалса, қазақ тілінде олардың терең мағынасы мен тарихи маңызы бар екені анықталды. Зерттеуде талдауға берілген ас-су компонентті фразеологизмдерді екі тілде сөздіктер құрастыруға, салғастырмалы лексикология, фразеология бойынша арнайы дәрістер оқуға пайдалануға болады.





