М.ӘУЕЗОВ ЖӘНЕ ОРЫС ӘДЕБИЕТІ: ИДЕЯЛЫҚ ЖӘНЕ АРХЕТИПТІК АСПЕКТІЛЕР

Автор(лар)

  • Болсынбаева А.Ж. Алматинский технологический университет
  • Ханкей Е.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.035

Кілт сөздер:

архетип, компаративистика, әмбебап, әдеби дәстүр, рухани, еркіндік, концепция, тарихи шындық

Аннотация

Мақалада Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесіндегі Бақтығұл бейнесі Лев Толстойдың «Қажымұрат» повесімен салыстырмалы-типологиялық тұрғыда талданып, батыр, құрбан және еркін адам архетиптерінің көрінісі айқындалады. Зерттеудің өзектілігі – Бақтығұл тұлғасын тек тарихи-әлеуметтік шындықтың өкілі ретінде емес, әлемдік мәдениеттегі әмбебап қаһармандық модельдердің бірі ретінде қарастыру қажеттілігінде. Қазақ және орыс әдебиеттеріндегі қаһарман архетиптерінің үндестігін саралау арқылы ұлттық образдың жалпыадамзаттық мазмұнын ашу – қазіргі салыстырмалы әдебиеттану ғылымы үшін маңызды мәселелердің бірі.

Зерттеудің мақсаты – Бақтығұл бейнесінің архетиптік негіздерін анықтап, оны орыс әдебиетіндегі параллель кейіпкерлермен, соның ішінде Қажымұрат тұлғасымен идеялық-психологиялық тұрғыда салыстыру.

Зерттеу барысында салыстырмалы әдебиеттану, типологиялық талдау әдістері қолданылды. Талдау нәтижесінде Бақтығұлдың әділет жолындағы күрескерлігі, әлеуметтік қыспаққа түскен халық өкілі ретіндегі гуманистік болмысы және жүйелі әділетсіздікке қарсы тұрған тұлғаның ішкі драмасы Қажымұрат бейнесімен сабақтастықта зерделенді. Бұл салыстыру Бақтығұл тұлғасының ұлттық әдеби дәстүр аясымен шектелмей, әлем әдебиетіндегі көркем тұлғалар қатарынан да өзіндік орын алатынын көрсетуге мүмкіндік береді.

Зерттеудің теориялық маңызы – қазақ әдебиетіндегі қаһарман концепциясын әлемдік әдеби үдеріс контексінде пайымдауға жол ашуында. Практикалық маңызы – нәтижелерін жоғары оқу орындарының әдебиеттану курстарында, арнайы семинарлар мен салыстырмалы әдебиет пәндерінде қолдануға болатындығында. Қорытындысында Бақтығұл бейнесі әлеуметтік әділетсіздікке қарсы тұрған, қоғамдық мұратты жеке мүддеден

 

жоғары қоятын рухани биік әмбебап қаһарман ретінде тұжырымдалады. Мұхтар Әуезовтің «Қараш-Қараш оқиғасы» повесі қазақ әдебиетінде әлеуметтік әділетсіздік пен жеке тұлға еркіндігі проблематикасын жүйелі әрі көркемдік-идеялық деңгейде алғаш пайымдаған туындылардың бірі ретінде бағаланады. Шығармадағы Бақтығұл образы ұлттық әдеби контекст аясымен шектелмей, орыс әдебиетінде қалыптасқан архетиптік модельдермен типологиялық параллельдер түзетін күрделі көркемдік тұлға ретінде танылады.

Жүктеулер

Жарияланған

2026-09-30

Жоба

Раздел

Мақалалар/Статьи/Articles