ҚАЗАҚ ЖӘНЕ ҚЫТАЙ ТІЛДЕРІНДЕГІ КЕШІРІМ СҰРАУ ЭТИКЕТІ

Автор(лар)

  • Ибраимова А.Р. КазНУ
  • Досымбекова Р.О.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.007

Кілт сөздер:

этикет эволюциясы, лингвомәдениет, өркениет, мінез-құлық нормалары, этикет, коммуникация, менталитет, адресант, адресат

Аннотация

Аңдатпа: Мақалада қазақ және қытай тілдеріндегі кешірім сұрау әдебінің лингвомәдени ерекшеліктері қарастырылған. Сонымен қатар, этикеттің қоғамдағы тілдің қарым-қатынасын жақсарту және сыпайы сөйлеу әрекетіндегі алатын орны сөз етілген.

            Мақаланың негізгі мақсаты – қазақ және қытай қоғамында қалыптасқан тілдік қатынасты жүзеге асыруға бағытталған этикет формасын салыстыру. Осыған орай, адресант пен адресат арасындағы қарым-қатынастың сыпайы формада қолдану ережелерін, қазақ-қытай халықтары арасында жүзеге асырылатын тілдік бірлігінің ұқсастықтары мен  айырмашылықтарын лингвомәдениет, салт-дәстүр мен ұлттық менталитет тұрғысынан салғастыру. Проблеманы зерттеу әдіснамасы тарих, әлеуметтану және лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты.  Этикетті жүзеге асыруда адресант пен адресат арасындағы коммуникацияның теориясы мен практикасы қарастырылған. Мақалада қазақ және қытай тілдеріндегі этикет ерекшеліктеріне байланысты талдау, сипаттау, тарихи, салғастырмалы эмпирикалық және әлеуметтік ғылыми-зерттеу әдістері қолданылған.

            Көптеген зерттеушілердің пікірінше, адамдардың қарым-қатынасы сол ортада қалыптасқан ұлттық менталитет пен заңдылықтарға, ережелер мен принциптерге негізделуі тиіс. Себебі, адам қоғаммен бірге дамып, жетіледі. Кез келген адам өзге халықтың тілдік этикетін жүзеге асыру барысында сол елдің тілін меңгеруімен қатар, менталитеті мен дүниетанымын, рухани даму тарихын білуі қажет. Өйткені, әрбір халықтың мәдени ерекшелігі бірдей болмауы себебінен коммуникацияны жүзеге асыру барысында проблема туындайды. Сонымен қатар, мақалада қазақ және қытай қоғамындағы  әдептің дәстүрге сай үйлесімділік пен сыпайылыққа негізделгені, адамдардың бір-біріне сыйластық пен құрмен көрсетуінің негізгі мәселе екендігі және адамдар арасындағы адамгершілік пен сыпайылыққа негізделген қағидаларды ұстану арқылы ғана қоғамды дұрыс қалыптастыруға болатындығы қарастырылған.

            Зерттеу нәтижелері ЖОО тәжірибесінде тіл мамандарын оқытуда, магистранттар мен докторанттардың ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалану үшін маңызды.

Тірек сөздер: лингвомәдени, этикет, коммуникация, вербалды, лексика, менталитет, адресант, адресат, субъект.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи