ӨЗЕКТІ ФИЛОЛОГИЯЛЫҚ ПАРАДИГМАЛАР МЕН ТҰЖЫРЫМДАМАЛАРДЫ ДЕКОНСТРУКЦИЯЛАУ ТӘЖІРИБЕСІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2026.3.82.009Кілт сөздер:
ғылыми дискурс, деконструкция, медиалогия, мәдени жады теориясы, қолданбалы лингвистика, парадигма, сыни дискурс-талдау, филологиялық тұжырымдамаАннотация
Мақалада соңғы жылдардағы гуманитарлық зерттеулердің негізін айқындайтын өзекті филологиялық парадигмалар мен тұжырымдамалар ұсынылған. Мақаланың мақсаты — Еуропадағы жетекші филологиялық білім парадигмаларының тенденцияларын көрсету. Олардың кейбір қазақстандық ғылыми жұмыстарға тигізген әсерін анықтау. Ғылыми зерттеудің негізгі бағыттары үш парадигмаға сараптамалық шолу жасауды қамтиды. Олар: Алейда Ассманның мәдени жады тұжырымдамасы, Рут Водактың сыни дискурс-талдауы (КДА) және Юрий Мурашовтың медиалогиялық зерттеулері. Жұмыстың ғылыми маңыздылығы өзекті филологиялық парадигмаларды қазақстандық зерттеу тәжірибесімен байланыстыра отырып деконструкциялауда жатыр. Осы материалды отандық ғылыми дискурсқа енгізу көзделген. Мақаланың практикалық маңыздылығы магистратура мен докторантурадағы теориялық лингвистикалық және әдебиеттану курстарының әдістемелік негіздері үшін маңызды. Зерттеу әдістемесі қазіргі еуропалық ғылыми дискурстағы бағыттардың тұжырымдамалық ережелері мен проблемалық тұстарын анықтауға негізделген. Мақаланың негізгі нәтижелері өзекті филологиялық тұжырымдамалардың нақты идеяларын айқындауға саяды. Сондай-ақ оларды қазақстандық диссертациялық зерттеулерге енгізу қажеттілігі негізделген. Осы жұмыста алынған қорытындылар Тіл және әдебиет білім беру бағдарламасы бойынша іргелі және қолданбалы жұмыстар үшін маңызды. Сонымен қатар авторлық филологиялық, мәдениеттанушылық және әлеуметтанушылық зерттеулер үшін маңызы зор.





