МЕДИА КОММУНИКАЦИЯНЫҢ ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:
https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.002Кілт сөздер:
медиамәтін, медиадискурс, дискурстық риторика, медиастиль, дүниенің медиабейнесі, медиаформатАннотация
Аңдатпа. Мақалада қазіргі медиакеңістіктегі медиамәтін мен медиадискурс ұғымдарының лингвистикалық мәселелері қарастырылады. Сонымен қатар медиадискурс риторикасы мен медиамәтіннің әлеуметтік стилистикасы мәселелері қамтылады. Мақаланың негізгі мақсаты - қазіргі қазақ медиакеңістігіндегі медиадискурс риторикасы мен медиамәтіннің әлеуметтік стилистикасы мәселелерін айқындау. Осы мақсатқа сәйкес мақалада медиа дискурстағы коммуникативті үдерістің өзіндік нақты міндеттері зерделенеді, медиа дискурстағы сөйлеудің риторикалық сипатына тоқталады, классикалық риториканың дәстүрлі концептілері – этос, логос және пафосты дүниенің заманауи медиакартинасы ретінде қарастырылады. Сонымен қатар мақалада медиа стильдердің түрлері, медиакеңістіктің маңызды бөлігіне айналған колумнистика, дайджест, ньюс-фиче (news-feature), ток-шоу сияқты жаңа жанрлар туралы айтылады.
Мақалада медиадискурстық риторикаға – медиа коммуникациядағы сөздің күші (әсері) және оның соңғы өнімі – медиамәтін туралы ғылым деген анықтама беріледі. Риторикалық коммуникацияны құрайтын компоненттерге тоқталады. Сонымен қатар мақалада сөйлеу әрекетіндегі негізгі мәселе – тыңдаушыны иландыру, дәлелді сөйлеу мәселесі және риторикалық түрде ұйымдастырылған медиамәтіннің анықтаушы факторлары туралы айтылады. Мақала авторлары медиамәтінінің әсер ету күші ақпараттың маңыздылығында ғана емес, оны беру тәсілінде деп есептейді. Мақалада бұқаралық ақпарат құралдарындағы сөйлеудің риторикалық сипаты мен медиадискурстағы оқырманды иландыру тәсілдері талданады. Медиа коммуникацияның тағы бір аспектісі - коммуниканттардың әлеуметтік мінез-құлық ерекшеліктерін көрсететін әлеуметтік фон немесе әлеуметтік стилистика мәселесіне басты назар аударылады.
Зерттеу барысында теориялық материалды жинақтау, зерделеу және жүйелеу талдаудың әдістері қолданылды. Тәжірибелік материалды талдау үшін: медиа-процесті модельдеудің сипаттамалық тәсілі, медиамәтінді риторикалық және лингвистикалық талдау, салыстырмалы талдау және т.б. әдістер қолданылды.
Қорыта келгенде мақалада қазіргі медиамәтіндердің стилистикалық және лингвистикалық көрінісі талданып, медимәтіндердегі сөйлеудің риторикалық сипаты айқындалады.
Тірек сөздер: медиамәтін, медиадискурс, дискурстық риторика, медиа стиль, дүниенің медиа бейнесі, медиа формат, медиа коммуникация.