ТАУПЫҚ РЫМЖАНОВ – БАЛАЛАР ӘДЕБИЕТІНЕ ЖАҢАЛЫҚ ӘКЕЛУШІ

Автор(лар)

  • Тайманова С. Болашақ университеті
  • Байдаулетова А.О.
  • Сактағанова А.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.64.1.025

Кілт сөздер:

ертегі-хикаят, фэнтези, үш әлем, сиқырлы шұғыла, жұмақ кілті, имандылық

Аннотация

Аңдатпа. Мақалада жазушы Таупық Рымжановтың «Гүл ағашы» ертегі-хикаятының көркемдік, танымдық тәрбиелік мәні жан-жақты қарастырылады. Сондай-ақ шытырман оқиғаларға толы шығарманың балалар әдебиетіне жаңалық әкелген өміршең туынды екені және  автордың идеялық-көркемдік ізденістері айқындалады. Мақалада қазақ әдебиетіндегі  қаламгерлердің ертегі, аңыз-әфсаналарын шығармаларының сюжеттік желісіне арқау етуі арқылы қоғамның өзекті мәселесін көтергені  қарастырылады. Ертегі, хикая, фэнтези жанры туралы отандық  ғалымдардың анықтамалары мен зерттеулері беріледі.

Мақаланың мақсаты – отаншылдық тақырыбына  жазылған, ұлттық рухты насихаттауға арналған ертегі-хикаяттың жанрлық, көркемдік, танымдық  ерекшелігіне талдау жасау, бүгінгі күн тұрғысынан бағалау,  жазушының авторлық ұстанымына көңіл бөлу.

Мақаланың негізгі бағыты өтпелі кезеңде болатын сілкініс пен серпілістің  көшбасында Таупық Рымжанов тұрғаны баяндалып, оның әлем әдебиетіндегі қалыптасқан түрлі ағымдарға ұлттық реңк беріп, балалар әдебиетіне жаңашылдықтың жаңа сүрлеуін салған қаламгер екеніне тұжырым жасалады. Әдебиеттану ғылымындағы фэнтези жанрын меңгеру мен дамытуына ықпал еткені зерделенеді. Автордың үш патшалықтың өкілі, олардың арасындағы тартысты суреттеу арқылы қазақтың кешегісін еске түсіріп, келешегіне бағыт береді. Оқырманның дүниетанымын кеңейтуге, мәдениетін жетілдіруге, ұлттық құндылықтарымызды құрметтеуге мүмкіндіктер ашады. Бұл білім алушылардың әдеби мәтінді талдау дағдыларын қалыптастыруға, зерттеу тәсілдерін меңгеруге мүмкіндік береді.

Мақаланың практикалық маңыздылығында білім алушылар  «Гүл ағашы» шығармасына әдеби-теориялық, әлеуметтік-психологиялық  талдау жүргізіп,  мәтін талдау дағдылары қалыптасады.  Адамгершілік, қанағат, төзімділік, рухани тазалық туралы білімдері кеңейіп, рухани азық алады. Нәтижесін қазіргі қазақ әдебиеті мен балалар әдебиетін оқытуда пайдалануға болады.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-03-30

Жоба

Раздел

Статьи