ТІЛ ҒЫЛЫМЫНДАҒЫ ЖАНАМА КОММУНИКАЦИЯ ТЕОРИЯСЫН ЗЕРТТЕУДІҢ ӨЗЕКТІЛІГІ

Автор(лар)

  • Дуйсекова К.К. Казумоимя им.Абылай хана
  • Калдыбекова Н.Б.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.66.3.005

Кілт сөздер:

коммуникация, жанама коммуникация, жасырындылық, сөйлеу актілері, жанамалық, адресант, ниет

Аннотация

Аңдатпа. Бұл мақала жанама коммуникацияны зерттеу мәселесіне арналған. Осы мәселемен айналысқан авторлар көзқарастарына шолу ұсынылады. Сондай-ақ жанама коммуникацияның жанама байланыс, жанама хабар, жанама әсер секілді үш түрі қарастырылады.

Берілген жұмыста, негіз ретінде В.В. Дементьев ұсынған анықтама қолданылады. Жанама коммуникация  мәлімдеменің өзінде қамтылмаған мағыналарды қамтитын және адресат тарапынан қосымша түсіндіру талпынысын талап ететін мағына жағынан күрделі коммуникация деп түсініледі. Ал коммуникация коммуниканттар арасында белгілі бір ақпарат алмасумен қатар, коммункиация барысында өзара түсіністікке ие болу үшін идеялармен, ақпаратпен алмасу болып табылады.

Тілдің үш маңызды әлеуметтік қызмет атқаратынын айта кеткен жөн: байланыс, хабар және әсер ету (В.В.Виноградов). Сондықтан бұл функцияларды жүзеге асыру үшін жанама байланыс, жанама хабар, жанама әсер сияқты жанама коммуникацияның үш түрі қолданылады.

Бұл зерттеудің өзектілігі және оның ғылыми жаңалығы осы мәселеге пәнаралық деңгейде үнемі өсіп келе жатқан қызығушылықпен және жанама коммуникация мәселесі бойынша әртүрлі білім салалары өкілдерінің көзқарастарын біріктіру әрекетімен негізделеді. Жанама байланыс, жанама хабар және жанама әсер аспектілері қамтылған тілдік материал жанама коммуникацияны зерттеуді, басқа материалдан анықтай алмайтын сенімді жоғары ақпараттық материал етеді.

Бұл мақаланың мақсаты – лингвистика ғылымындағы жанама коммуникация теориясының зерттелу деңгейін анықтау.

Жанама коммуникацияны зерттеу тілдің шығу тарихы мен маңызы, адамның дүниені тануы сияқты жалпы философиялық мәселелерге әкеледі. Бұдан әр түрлі деңгейдегі сөйлеу бірліктері арқылы жасырын түрде берілетін байланыс түрлері көп деген қорытынды шығару керек.

Жанама коммуникацияның түрлі формалары сөйлеушіге коммуникативті ойын жүзеге асыруға мүмкіндік береді және оны коммуникацияның әмбебап нысаны ретінде сипаттайды, бұл осы саладағы теориялық зерттеулердің болашақ даму деңгейін айқындайды.

Түйінді сөздер: жанама байланыс, жасырындылық, жанама әсер ету, жанамалық, жанама сөйлеу әрекеттері.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-09-30

Жоба

Раздел

Статьи