СӨЗ БАЙЛЫҒЫ ЖӘНЕ ӘСЕРЛІЛІК: МЕРЗІМДІ БАСПАСӨЗ ТІЛІНДЕГІ СИНОНИМДЕРДІҢ ҚОЛДАНЫСЫ

Автор(лар)

  • Сейдамат А.К. Институт языкознание имени А.Байтурсынова
  • Алдаш А.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.014

Кілт сөздер:

тіл байлығы, сөз байлығы, тіл мәдениеті, жазба коммуникация, синонимдік қатар, перифраз, сөз әсерлілігі, контекстуалды синонимдер

Аннотация

Қазақ тіл біліміндегі лексикология, семасиология, лексикография, тіл мәдениеті  салаларына қатысты зерттеулерде  тіл байлығы және сөз байлығы ұғымдары бір-бірімен тығыз байланыста қарастырылады. Тіл байлығы – ауызша және жазбаша ақпаратты жеткізуші тіл жүйесіндегі түрлі тілдік бірліктердің (номинациялар, грамматикалық құрылымдар, образдар, көріктеуіш құралдар, синонимдер)  жиынтығы. Ал сөз байлығы – осы тілдік құралдардың коммуникативтік қарым-қатынасқа түсуіндегі көрінісі. Жалпы тіл білімінде тіл байлығы және сөз байлығы ұғымдары сөз қолданушының ана тілі қазынасын ұтымды, шебер, көркем пайдалана білуімен түсіндіріледі. Сөз байлығы коммуникация теориясындағы стереотип, клише, стандарт, сөздің әсерлілігі құбылыстарымен тығыз байланысты. Қазіргі қазақ жазба коммуникациясында, оның ішінде мерзімді баспасөз тілінде сөз әсерлілігін арттыратын қуатты негіздердің бірі ретінде контекстуалды синонимдер  кеңінен қолданылады.

Зерттеудің мақсаты – лингвистика ғылымындағы тіл байлығы мен сөз байлығы ұғымдарының аражігін ажырату және қазіргі қазақ  мерзімді баспасөз тіліндегі контекстуалды синонимдер қазіргі қазақ тілінің динамикасындағы айқын белгілердің бірі ретінде сөз әсерлілігіне қатынасы тұрғысынан талдау. Зерттеудің теориялық маңызы – қазіргі қазақ жазба коммуникациясында, соның ішінде газет тіліндегі әдеби нормаға және тіл мәдениетіне қатысты тілдік үдерістердің және тілдік дамудың маңыздылығын көрсетуінде, ал практикалық тұрғыдан тіл қолданушының жазба коммуникацияда сөз мәдениеті талаптарына сәйкес тілдің байлығын қолдану әлеуетін көрсетуінде. Зерттеу жұмысында ғылыми пікірлерді зерделеу және қорыту, салыстырмалы талдау, лексикалық түсіндірмелі талдау әдістері қолданылды. Мерзімді баспасөз тіліндегі контекстуалды синонимдердің перифраз қолданыстармен жақындығы ескеріліп, екі ұғымның арасындағы ұқсастықтар мен айырмашылықтарды ажыратуға, өзіндік белгілерін айқындауға талпыныс жасалды. Аталмыш мәселелердің төңірегінде сөз мәдениеті және әдеби тіл нормалары проблемаларын зерттеуші мамандардың, сондай-ақ лексиколог, семасиолог, лексикограф тілші ғалымдардың пікірлері мен көзқарастарына сүйеніш жасалды. Сонымен қатар контекстуалды синонимдердің мерзімді баспасөз тіліндегі көрінісі мен ерекшеліктерін айқындау, талдау жұмыстары қазақ тілді ресми басылымдарда жарияланған материалдарды сараптау негізінде жүргізілді.

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи