РАДИО, ТЕЛЕХАБАР ТІЛІНІҢ АНГЛИЦИЗМДЕРДІ ҚАЛЫПТАСТЫРУДАҒЫ РӨЛІ

Автор(лар)

  • Жусубалина Ж.М. M.Auezov South Kazakhstan University
  • Тлеубердиев Б.М.
  • Тасполатов Б.Т.

##plugins.pubIds.doi.readerDisplayName##:

https://doi.org/10.48371/PHILS.2022.67.4.005

Кілт сөздер:

радио, телехабар, тіл, англицизм, рөл, бұқаралық ақпарат, шет тілі, термин

Аннотация

Мақала радио, телехабар тілінің англицизм терминдерін қалыптастырудағы рөлін зерттеуге арналған. Мақаланың басты өзектілігі, ағылшын тіліндегі сөздердің біздің отандық радио мен телехабар бағдарламаларында қолдануылуы мен әкелетін әсері жайлы айтылады. Бұл мақаланың мақсаты ретінде, «англицизм терминдерін қалыптастырудағы радио, телехабар тілінің рөлін анықтау» саналады. Мақала тақырыбына сәйкес, зерттеудің басты нысаны қазақстандық БАҚ-тың радио мен телехабар тарату мәтіндеріндегі англицизмдері болып табылады. Ал зерттеудің пәні қазақстандық радио және телехабар тарату мәтіндеріндегі англицизм терминдерінің рөлі мен әсері болып табылады. Осыған сәйкес, автор бұл мақаланың ғылыми маңыздылығы ретінде, англицизм терминдерінің қалыптасуындағы радио, телехабар тілінің әсері мен рөлін анықтауға ықпал етеді деп түсінеді. Өз кезегінде, мақаланың практикалық маңыздылығы ретінде, жұмыстың нәтижелері осы мәселені әрі қарай зерттеуге серпін беретіндігінде. Мақаланың басты гипотезасы болып «англицизмдер» радио, телехабар тіліне көрерменнің немесе тыңдаушының назарын аудару үшін енгізіледі. Осыған байланысты англицизм терминдерінің қалыптасуы пайда болады» деп түсіндіріледі. Мақала тақырыбына сәйкес, мақаланың басты проблемасы болып  радио, телехабар тілінің англицизм терминдерін қалыптастырудағы рөлін анықтау бойынша, қазақстандық ғылыми әдебиетте кеңінен ұсынылмағанын атап өтуге болады. Бұл тақырыпты жеткіліксіз зерттелуі аясында жұмыстың мақсаты мен міндеттері анықталды. Сәйкесінше, «англицизм» сөзінің мағынасына отандық және шетелдік анықтама берілді. Сонымен қатар, англицизмдердің  тілдік ерекшеліктерін сипаттай отырып, сонымен қатар бұл сөздердің тілге сіңіп кетуі, оның грамматикалық қатары мен фонетикалық нормаларына сəйкестігі, мағынасының өзгеруі келіп енген тілдегі сөздік құрамға қандай өзгерістер əкелуі бойынша мәселелер ашылды. Зерттеу нәтижелері ретінде, Қазақстандық радио мен телехабар тілінің англицизмдердің қалыптастырудағы рөлінің анықталуын айта аламыз

Жүктеулер

Жарияланған

2022-12-29

Жоба

Раздел

Статьи